Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 13

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

кететін миллиондаған жылдарды адам баласы анасының құрсағында жатқан тоғыз айда-ақ басып өтетіндігі, тек табиғат шеңберінің ғана құдіретіне сыйса керек. Олай болса, адам ғұмырының ең ұзақ та ауыр жолы ана құрсағында қалыптасады екен. Міне, осынау өсу сатысында, жан иесінің жүрек тәрбиесін тек ана сезімі ғана дұрыс бағыттап, жетілдіріп отырады. Тап осы кезеңде адамшылықтың алтын діңгегі болып саналатын, күллі тәрбие атаулының арқауы – жүрек тәрбиесінің мазмұны қалыптасады. Мінеки, осындай өте нәзік, табиғат құбылыс-тарын тереңінен тартып түсіне алған халық даналығы: „Алып анадан туады“ деп тұжырымдағанын зор мақтанышпен айтуға болады. Мейірімді ананың парасаты мен дарқан мінезді әженің шапағаты дүниеге келген сәбиді халықтық тәлімнің ғасырлар бойы қалыптасқан алтын бесігімен тербеп отырып ер жеткізеді». (13).

      Бұл сөз тіркесінің толық нұсқасы: Ат – биеден, аруана – түйеден, алып – анадан» болуы мүмкін.

      АНА МЕН БАЛА КІНДІКТЕС

      Ана мен баланың өзара жақындығын, ыстықтығын, қымбаттығын бейнелегенде қолданылады.

      Атамыз қазақта: «Ана мен бала кіндіктес» деген сөз бар. Өйткені, құрсақ көтерген әрбір ананың көңіл күйі іште жатқан нәрестеге тікелей әсер етеді. Анам жарықтық: «Балаң жақсы болсын десең, үнемі жақсы нәрсеге көз тоқтатып, жақсылықты ғана ойла» дейтін. Ана баласын емізгенде өзін салмақты ұстап, еміренсе, емшегі иіп, сүті көбейіп, балаға жұғымдылығы артады. Бала рақаттанып, терлеп-тепшіп емеді. Тыныш емген бала ақылды болады. Баланы емізіп отырған ана ашуланса, дауыстап сөйлесе, бала шошынып қалады. Жас сәбидің мінезінің өзгеруіне ол да әсер етпей қоймайды». (Н. Ырысбекова.).

      АПАМ ҮЙІ – АҚ ЖАЙЛАУ

      «Қазақта бауырларының шалғай елге ұзатылып кеткен апаларын ер жеткен соң іздеп бару салты болған. Сағынтып келген бауырымен қауышқан апаның қуанышын айтып сөз жетпес. Өткеннен де, кет-кеннен де ата-анасы, бауырларының амандығын сұрап, сағыныштан әбден құсаланып, зарығып жүргенде, інісін көріп көзайым болып, өшкені жанып, өлгені тірілгендей күй кешеді. Қайран апа бауырына көңілі тойып, мауқын баса алмай, ертелі-кеш айналып-толғанып, барлық тәтті-дәмді, жылы-жұмсағын соның алдына жайып, аузына тосады екен. Сірә, „Апам үйі – ақ жайлау“ деген сөз де осындайдан қалған болса керек». (М. Ниязбеков, 82.10-б.).

      Бұл сөз тіркесін кейде ер кіндікті бауырларына қаратып, «Ағам үйі – ақ жайлау» деп айтатыны да бар.

      АРАЛ МЕН СЕМЕЙ ҚАСІРЕТІ

      «Арал мен Семей – ХХ ғасырдағы Қазақ халқының басына түскен нәубет-тауқыметтердің жиынтық образдарына айналған топонимдер. Теңіздің тартылуы – ойсыздық пен жөнсіз әміршілдіктің (Кеңестік тоталитаризм кезеңіндегі – К.О.), ал Семей полигоны (ядролық сынақ полигоны – К.О.) – тұтас халыққа істелінген қиянаттың ең танымал ескерткіштері». (С. Қондыбаев, 9. 6.10.94.)

      «Арал мен Семей қасіреті» дегенде біз тартылған теңіз табанынан көтерілген тұзды шаңның, полигондағы ядролық сынақтан жер бетіне шөгіп қалған радияцилық сәуленің зардаптарын

Скачать книгу