Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 16

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

Арыстанбаб Пайғамбардың көзін көріп, оның ұлы қасиеті – Мұғжизасына куә және аманатына адал болған әулие. Ел піріне саналған кие – дана. Сондықтан халық «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деп текке айтпаса керек. Әулиенің қасиетіне байланысты «Баптардың бабы Арыстанбаб» деп ерекше дәріптеледі. Сыр бойында көне Отырар жерінде мазары

      тұрған әулиеге деген құрмет пен тағзым кеңестік дәуірде де тоқтаған жоқ. Кейбір деректерде есімі мұсылман елдеріне етене жақын әулие көптеген діндерді біліп, оларды зерттеп, дұрыс-бұрысын саралаған ғұлама ретінде танылады». (О. Қауғабаев.).

      Егер Қожа Ахметтің басына барып, зиярат етіп, тілек тілегің келсе, ең алдымен оның ұстазы Арыстанбаб әулиенің алдынан өт немесе түнеп, ғибадат ет. Сонда ғибадатың толыққанды болып, тілегің қабыл болады деген мағынаны береді.

      * «Арқаланып кетті» тақырыпшасын қараңыз.

      * «Қанатты сөз – қазына», бірінші кітабын қараңыз.

      АРТҚЫ АЙЫЛДЫҢ БАТҚАНЫН

      ИЕСІ БІЛМЕС, АТ БІЛЕР,

      АҒАЙЫННЫҢ АУҒАНЫН

      ЖАҚЫНЫ БІЛМЕС, ЖАТ БІЛЕР

      Яғни, «Сырт көз – сыншы» деген мағынаға жақын сөз.

      «Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны – қарыннан тартылатын шап-айыл. „Артқы айылдың батқанын иесі білмес, ат білер, ағайынның ауғанын жақыны білмес, жат білер“ деген мақал осыдан туған болу керек. Шапқанда болмаса, шап айылды қазақ бос ұстайды. Төс айыл үнемі қатты тартылады. Өйткені, ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар». (С. Мұқанов, 77. 125-б.).

      АС ИЕСІМЕН ТӘТТІ

      «Қоқан хандығына қазақтан елші барғанда, оларды өлтірмек боп алдына у себілген ас қояды. Шыдамсыздау біреуі астан бір- екі асап, өліп кетеді, аман қалғаны қашып құтылады. Осыдан кейін бейтаныс елге барған қазақтар алдындағы асты әуелі үй иелеріне алдырып, уланбағандарына көздері жеткен сон ғана жейтін болған екен. „Ас иесімен тәтті“ деген сөз сондай сенімсіздіктен туып, содан қалған болса керек… … бірақ бертін келе ол бұрын байқалмаған жаңа мәнге ие болған». (Ә. Диваев, 30. 27-б.).

      Бүгінде бұл мәтел үй, ас иесі дастарқан басында бірге отырғанда ғана дастарқанның сәні кіреді, ас дәмді болады, дастарқанда әңгіме-сұқбат құрып отырғанда, ас бойға жақсы сіңеді деген мағынада айтылған.

      АСЫҒЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСТІ

      Кімнің сақасы алшы түссе, бірінші ату кезегі соған тиеді. Тіліміз-дегі «асығы алшысынан түсті» деген тұрақты сөз тіркесі осылай қалыптасқан. Әдетте бұл сөз біреудің жолы болып олжалы болғанда, бәйге, сыйлық алғанда, ұтыс шыққанда т. с. с. жағдайларда айтылады». (Д. Шоқпарұлы, 9. 17.02.94).

      Жолы болғыш, олжалы адамдарға қаратып айтылады.

      АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗАР,

      ТОБЫҚ ОЙНАҒАН ТОЗАР,

      БӘРІНЕН ДЕ ҚОЙ БАҒЫП,

      ҚҰЙРЫҚ ЖЕГЕН ОЗАР

      «Қазір көпшілік „Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар“

Скачать книгу