Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 20

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

түйенің қомында» деп жүрміз. Бұндай қом—майдың жиналуы көбіне атандарға ғана тән. Барлық түйе қом жинай бермейді. Атан түйе ат сияқты, өгіз сияқты күш көлігі. Бұл ыңғайсыздықты, асығыстықты білдіретін, қазақтың ертеде бір жерде тұрақтамай үдере көшуінен туындаған мәтел болуы мүмкін». (Ж. Омаров, 85.).

      АТ ҰСТАР

      «Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, „Ат ұстар“ деп, қыз болса „көйлек тігер“, „қырық жеті“ деп хабарлаған. Кейінгісі қызды қалың малға беруге, „жат жұрттың адамы“ деп қарауға байланысты туған ой-пікірлердің көрінісі», (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.14-б.).

      Ат ұстар – үйдің иесі, мұрагері дегенді аңғартады.

      АТЫНЫҢ СЫРЫ ИЕСІНЕ МӘЛІМ

      «Осы тұста қазақы жылқының ішінде әртүрлі жаратуды сүйетін жылқылардың болатынын ескере кеткен жөн. Бірі тоқжарау күйінде жақсы шапса, енді бірі әбден жеңілдеп жарағанда ғана жақсы шабады. «Атының сыры иесіне мәлім» дегендей, нағыз атсейіс қолындағы сәйгүліктің тілін білуге тиіс. Мұндайда, жаратар аттың қара еттілігін, май еттілігін жазбай танитын атбегінің қапысыз танымы қажет. Онсыз жоны тырсиып тұрған қара етті жылқыны жаратамын деп, жілік майын үзіп алу немесе олпы-солпы болып тұрған май етті жылқыны жүдеу екен», – деп кем жаратып алу оп-оңай». (А. Сейдімбек, 92.).

      Мінез-қасиетіне, ерекшелігіне қанық деген мәнде ұғынылады.

      *Қом— түйе өркешінің түп жағындағы тұтаса біткен жота майы.

      АТЫМТАЙ ЖОМАРТ

      (Екінші нұсқасы*)

      «Қазақ арасында Атымтай (арабша Хатимтай) көбірек аталады. Себебі, ол байлықпен емес, мырзалықпен (жомарттықпен) атын шығарады. Біреу Атымтайға: „Мен де сендей жомарт болам“ дейді. Бірақ алғаш берген адамы сол күні екінші рет келгенде: „Мана алып едің ғой“ депті. Бақса, сұраншы болып жүрген Қыдыр (ырыстың атасы) екен. Сонда Қыдыр: „Сен қалай Атымтай бола аласың? Ол күніне неше барсаң да бетіңді қақпайды, ал, сен, екі келгенде сараңдық жасадың!“ – депті-міс». (С. Мұқанов, 77.150-б.).

      Кеңпейіл, қолы ашық, жомарт кісілерді дәріптегенде, осы Атымтай жомартқа теңейді.

      АТЫ ЫРАҢДАП,

      АДАМЫ ТЫРАҢДАП

      «Аты ыраңдап, адамы тыраңдап» деген мақалға түсінігі (С. Мұқанов «Өмір мектебі» – К.О.) мынадай: «Ыраң» деген сөзді біздің ел мақалға қосқанымен, не екенін білмейді. Ол шөптің бір түрі екенін мен бертінде, Жетісу елінен ғана естідім». (Қ. Әлім, 31. 03. 02. 2011).

      Аты – оттап, жайылып, өзі ұйқы соғып әлек деген әзіл-қағытпа. Астарлы мағынасы: Адамдар әрі-сәрі күйде болып, шаруалары жүрмей, бетімен кеткен ұжым, шаруашылықтарды сынағанда айтылады.

      АУЗЫН АРАНДАЙ АШЫП

      Ашқарақтық, тойымсыздық, қомағайлық танытқан адамды осылайша бейнелейді.

      «Ерте заманда аран, керен деген мүйіз сыртты мақұлық болыпты деседі көнекөз қариялар. Ол екеуі де жеміне шапқанда аузын ашып алып жүгірсе керек-ті. Шамасы, қомағай, ашқарақтығы шығар. „Аузын арандай ашып“ деген тіркес содан қалған деседі». (Б. Қыдырбекұлы, 69.).

Скачать книгу