Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 22

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

ретінде жол Жәнібекке берілген. Мұрындық даланың жазылмаған заңы – жөн-жобаға тоқтаған. „Әдет, әдет емес, жөн – әдет“ дейтін мақал сөз осындай қисында айтылған. Қазақтың қария сөздері, шежіре деректері осылай дейді». (А. Сейдімбек, 93. 326-б.).

      Бүгінде ежелден қалыптасқан әдет, дәстүрді кейбір адамдар жағдайына қарай өзінше құбылтып, бұзып-бұрмалап, кейде барлығын, байлығын танытып әспеттеп жіберетіні жасырын емес. Сондай жағдайларда жөн білетін адам оларды осы мәтел арқылы жол-жобаға салады.

      ӘЗ БОЛМАЙ, МӘЗ БОЛМАЙДЫ

      «Халқымыздың таным-наным болжамы бойынша күн мен түн тепе-теңдікке жеткен кезде әуеде ғажайып бір діріл мен гуіл естіледі, сол үнді „әз“ дейді. Әз өткенде бүкіл жан-жануар, күллі өсімдік дүниесінде, жалпы тіршілік әлемінің бойына қан жүгіріп, қайта түлеп жаңарады, ескінің ауырлығы кетеді. Әздің жүргені әдетте байқала бермейді, оның өткенін қой алдымен сезеді екен. Қой аспанға қарап жамырай маңырап, тұрып қалатын көрінеді. Соны көрген малшы „жаз хабары келді“ деп қуаныпты. „Әз болмай, мәз болмайды“ немесе „Әз болмай жаз болмайды“ дейтін нақыл сөз содан шығыпты». (З. Ахметова, 16. 326-б.)

      «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (1-том, 583—584б. «Ғылым» баспасы, 1974ж.) «әз» деген сөздің екі түрлі мағынасын беріпті. Бірінші мағынасы – соқыр, көр, екінші мағынасы – ғазиз, ардақты, жақсы. Ал, жоғарыдағы мәтелдегі «әз» сөзінде осы екі түрлі мағынаның арасындағы бір құпия белгі бар сияқты көрінеді. Ол қандай белгі, қасиет-қуатына тереңдей бойлау, түсіну қиын.

      Әздің 22-наурызға дейін өтетіні күн мен түннің теңелген сәтін байқатса керек. Содан кейін күн бірте-бірте ұзарып, ауа райы жылына бастайды. Ендеше, мәтелдің мағынасы күн мен түн теңелмей, ауа райы жылынбайды, мәз болмайды дегенді аңғартса керек.

      ӘЗ ТӘУКЕНІҢ «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ»

      «…Аталған екі заң („Қасым ханның қасқа жолы“, „Есім ханның ескі жолы“) ұлы хан әз Тәуке тұсында (XVIIғ. аяғы мен XVIIIғ. басы) одан әрі жетілдіріледі, жаңа құқық тараулары енгізіледі. Ол бүкіл қазақ жұртына белгілі әділетті заң ретінде „Жеті жарғы“ деген атпен танылды. Әз Тәуке Хан кеңесі мен Билер кеңесін құрды. Жыл сайын Құрылтай өткізіледі. Осындай мемлекеттік, құқықтық, азаматтық ережелер негізін жасауға атақты үйсін Төле би, арғын Қаздауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке би, Әнет бабалар қатынасты. Бұрынғы бес тараудан тұратын Ережеге жесір дауы мен құн дауы қосылады. Аталған заң қағазға түскен, түспегені әлі белгісіз. Бірақ мұны елдің батыр, билері, ақсақалдары, шешендері құрандай жаттап, кейінгі ұрпаққа жткізді». (С. Кенжеахметұлы, 43.8-10-б.).

      «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдары 17-ғасырдың аяқ кезі мен 18-ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп, дамытылды. Тәуке хан (1680—1718) тұсында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өткізіліп, «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «жеті жарғы» («жеті заң») деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар фоедалдарының басып алуына байланысты жердің таралуы, мал

Скачать книгу