Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 26

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

бал“, „таңдайынан бал тамған“ деген сөздер бізге көне түркілерден жеткенінің дәлелі, міне осы». (М. Ахет. 47.4—15. 12. 2009.).

      Былдырлап жаңа сөйлей бастаған сәбилер мен балдырғандардың тілінде үлкендер үшін қызықты, күлкілі болып келетін сөз қолданыс-тары жиі кездеседі. Сол себепті олардың күлкіге кенелтетін сүйкімді сөздерін тәтті балға теңеп, «Бала тілі – бал» дейді.

      БАЛАНЫ ЖӨРГЕГІНЕН БАУЛЫ

      «Бесік жырының бәрінде ананың мақсат-мүддесі негізгі нысана ретінде қамтылады. Ана тілінен, ана арманына асатын ұлы мұрат жоқ. Осы сүйіспеншілік бала құлағына бесігінен енеді. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгенде баласының қандай азамат болып өсуі – ана жырының қайнары. Сол арман баланы ғана емес, тыңдаушыны да еліктіреді. Үлкен-кішінің жүрегіне ізгілік ұрығын себеді. Қазақтың „Баланы жөргегінен баулы“ дейтіні содан». (Қ. Толыбаев, 95.201-б.).

      Бұл мәтелдің «Баланы – бастан», «Баланы бесіктен баулы» деген нұсқалары да бар. Бәрінің мағынасы бір, яғни, бала тәрбиесіне ерте бастан көңіл бөл, жастайынан баулып-тәрбиеле деген мағынаны береді.

      БАЛАЛЫҒЫҢ ҰСТАСА, НАҒАШЫҒА БАР

      «Қай кезде де нағашы мен жиеннің әзілі жарасып отырған. Мұндайда „Балалығың ұстаса, нағашыңа бар“ дейді. Байқағанымыздай, нағашы жұрт жиеннің еркелігін де, тентектігін де көтере білген. Нағашылары да жиенін ұтқыр әзілмен түйреп, жарасымдылықты, туыстар арасындағы татулықты көрсете білген». (А. Дүйсенбайқызы, 9. 27.06—3.07.2013.)

      «Нағашылы-жиенділер кездескен жерде бір-бірімен әзілдесіп, ойнап-күліп жатады. Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. „Балалығың ұстаса, нағашыға бар“ деген осыдан шыққан». (С. Кенжеахметұлы, 43. 207-б.)

      Жиеннің бал-балалық шағы мен еркелік дәуреніне нағашы жұрттың куәгер болып келетіні рас. Дегенімен бұл жерде нағашы жұрттың жиен алдындағы ыстық ықыласы мен кең пейілдігі дәріптеліп тұрғанын байқауға болады. Осы орайда бұл тіркестің «Балалығың ұстаса, нағашыңа бар, Жігіттігің ұстаса, қайныңа бар» деген толық нұсқасын да айта кетейік.

      БАЛАПАННАН БАРШЫНҒА ЖЕТТІҢ

      «– Бүркіттің ең алғашқы туғанын „балапан“ дейді. Екі жасарын – „қантүбіт“, үш жасарын – „тірнек“, төрт жасарын – „тастүлек“, бес жаса-рын – „мұзбалақ“, алты жасарын – „көктүбіт“, жеті жасарын – „қана“, сегіз жасарын – „жана“, тоғыз жасарын – „майтүбіт“, он жасарын – „барқыт“, он бір жасарын „баршын“ деп атайды. Тіліміздегі „бала-паннан баршынға жеттің“ деп жататын сөз – адамның өсіп-жетіліп, кемелденуін образды түрде осылай теңеп айтқаны». (Б. Момышұлы, 15.125-128-б.)

      Негізінен қыздардың бой жетіп, толысқанын да осы сөз тіркесімен дәріптейді.

      БАЛҚАН, БАЛҚАН, БАЛҚАН ТАУ,

      О ДА БІЗДІҢ БАРҒАН (КӨРГЕН) ТАУ

      «…Әзірше, қазақ ауыз әдебиетінде сақталған, мейлінше қазақтың скиф – сақ дәуіріне қатысы бар бір-екі нақыл жұмбақ сөздерге тоқтала кетейік.

      «Балқан, Балқан, Балқан тау, о да біздің барған тау –

Скачать книгу