Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 28

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      Асқар таудай алып бол,

      Атпақ күндей жарық бол, —

      деген жолдар да жақсы лебізге, ізгі сезімге толы». «Ақ бата», «Жазушы», 1992ж., 7б.

      Жоғарыда аталған халықтардың бәрі қазақтармен көнеден келе жатқан қоныстас, көршілес елдер. Соған қарамай олардың діндері исламға жуықтамайды: буряттар мен монғолдар – будда, лама дінінде, алтайлықтар – христиан. Ал, «Монғолдың құпия шежіресі» – ислам дінінің «иісі мұрнына бармаған» Шыңғысхан, шаманизм заманындағы кітап.

      Ал, бата, тілек – бәрінде ортақ. Ендеше, бата, тілектің негізі қайда жатыр?

      БАТЫР БІР ОҚТЫҚ, БАЙ БІР ЖҰТТЫҚ

      «Қой шаруашылығында, жалпы мал шаруашылығында ең қиын, қауіпті кезең қыс кезеңі, оның ең қатерлісі – жұт деген жағдай. Қар қалың түсіп, арты жаңбырға айналып, соңынан күн суытып кетсе, қардың беті мұз болып қатып қалады. Қой өз бетімен жайыла алмайды да, аштыққа ұшырайды. Бұл жағдайда әуелі жылқыны жаяды, оның тұяғы мықты, қарды бұзып, ол жеңіл жұтқа қиналмайды. Жылқының соңынан қойды жаяды, сөйтіп, малды қыстан аман алып шығады. Бірақ аяз қатты болса, бұл амал да жарамайды. Онда көшуге тура келеді. Егер көшіп, шөбі мол жерге жетсе, ол жақсы. Ал оған шама келмей, жұт ауыр болса, қазақтың малы жұттың құрбаны болады. Мыңғырған байлар барлық малдан айырылып, жалшылыққа жалданып кететін жағдайлар кездескен. „Батыр бір оқтық, бай бір жұттық“ деген мақал осыдан туған». (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.).

      Мына алмағайып дүниеде бүгін бар болсаң, ертең жоқ болуың оңай деген мағынада айтылады.

      БАТЫРДАН – САУҒА, АҢШЫДАН – СЫРАЛҒЫ

      Біреудің олжасы мен табысынан сый дәметкен жағдайда, осы сөз тіркесін ауызға алады.

      «Батырлар олжалы оралғанда, олардың қолындағы олжаның бестен бірі ханға тиесілі болады да, қалғаны соғысқа қатысқандарға үлестіріледі. Соғысқа, жорыққа қатысқандар олжадан сауға сұрап алады. Немесе тұтқынға түскен адамдардың бірін, тұтқын батырларды да қарсы жақтың адамдары сауға сұрап, оларды бас бостандыққа шығарып алу мүмкіндігі мен хұқын пайдаланған. Мұны сауға сұрау дейді. Кейде жеңілген жауынгер өз басын өстіп сұрап алып, бостандыққа шыққан немесе ауыр жазасын жеңілдеткен. Басын аман алып қалудың бұл жолын бас сауғалау дейді.

      Ал аң-құс аулап, олжалы оралған аңшыдан олжасының бір бөлігін сұрап алу салтын – сыралғы деп атайды.

      «Батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы» деген сөз содан қалған». (-)

      БӘЙТЕРЕК

      «Бәйтерек. Ғалам моделінің бір нақтыланып көрсетілген нұсқасы және ғаламның үш дүниесінің кіндік – осі, жалғастырушысы.

      Ғазіреті Ғали тауында

      Дарақ деген ағаш бар. (Қашаған).

      «Ертегілер» жинағынан біз бәйтерекке қатысты тоғыз рет қайталанатын трафареттік сюжетті есептеп шығардық. Сол сюжеттер бойынша бәйтеректің образын аз да болса жинақтап көрсетуге

Скачать книгу