Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 27

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      ОЛ ДА БІЗДІҢ КӨРГЕН ТАУ

      (Екінші нұсқасы) *

      Біз барған, барып көрген жер деген мағынаны береді.

      «Балқан тау. Қазақ аңыздарында кездесетін аңыздық таудың аты.

      Барған жерің Балқан тау —

      Ол да біздің көрген тау.

      Бұл өлең жолдары аңыздық әңгімелерде жиі кездеседі, бірақ, ежелгі мифтік мағынасы белгісіз. Сарыарқада осы аттас тау бар делінеді.

      Түркілік тарихи ареалда бірнеше Балқан таулар бар. Бірі – Солтүстік-батыс Түрікмениядағы Балхан таулары, екіншісі – оңтүстік европалық Балкан таулары, үшіншісі – башқұрт жерінде, Асылыкөл маңында, Давлекан ауданында, төртінші – Челябі облысында, Дема өзені аңғарында, Куншак ауданында. Балқантау туралы башқұрт эпосы – «Заятүлек пен Сусұлуда» айтылады. Мұндағы Балқан – байлық символы, мұнда аңның барлық түрі мекен етеді, жігіт пен қыздың молалары осы таудың басында делінеді.

      Балқан – мифтік жерұйық, космостың, таза кеңістіктің, жалпы ғаламның моделі…». (С. Қондыбаев, 62.16-б.).

      БАРСАКЕЛМЕСКЕ КЕТТІ

      «Барсакелмес – Қазақстанда осы аттас сор да, арал да („Барссакелмес“ қорығы – К.О.) бар. Сондай-ақ ертегілерде бұл жер атауы жиі ұшырасады. Барсакелмес – өмір сүруге мүмкін болмайтын, адам өміріне қауіпті немесе өте алыста орналасқан жерлердің жалпы образдық баламасы. Күнделікті тілімізде алысқа, ұзақ сапарға кеткен адамды әзілдеп, „Барсакелмеске кетті“ дейтініміз де сондықтан». (С. Қондыбаев. 9. 6.10.99.)

      Бұл сөз тіркесін кейде қаза болған адамға қаратып та айтады.

      БАРСАҢ СЫМБЫЛ ДА ЖОҚ

      «Сымбыл – сырғауыл. Сырғауылдан айырмасы, жіңішке және кәсіпке ыңғайлап дайындаған ағаш. Көбіне уық жасауға ыңғайлап, жас беректерін, бостандарын қырқып, сопа басын ғана қалдырған үш-төрт жылғы бұтақ. Берек, бостан – ағаш бұтағы, үрімі. Көбіне теректің, қарағайдың бостаны делінеді. Талдың бұтағы, тобылғының, алманың берегі дейді қазақ. Бұл күндері бостан да, берек те, үрім де ұмытылып, тілімізде жалғыз қалып барады. Терек осал ағаш, оның бұтағының бостан аталуы да, бәлкім, сондықтан болар. «Бостаны бар-ды теректің, болаты бар-ды беректің» (Шалкиіз).

      Терек пен кегейдің қай түрі болса да мұндай кәсіби шаруашылыққа жарамайды. Сымбылдың сымбалдан айырмасы жалғыз ағаштығы. «Барсаң сымбыл да жоқ» деген осыдан қалған». (Б. Қыдырбекұлы, 69.89-б.).

      Бұл мәтел кейде «Барсаң бақыр да жоқ» деп айтылады. Барсаң түк жоқ деген мағынаны береді.

      *Балқан, Балқан…» тақырыпшасын қараңыз.

      .

      БАТА

      «Тіліміздегі «бата» сөзінің араб тіліне де, ислам дініне де қатысы жоқ. Кейбір зерттеушілеріміз бұл сөзді Құранның «фатиха» атты бірінші сүресінің қазақшаланған түрі дейді. Бұлай деудің мағыналық тұрғыдан да, дыбыстық өзгеру заңдылығы тұрғысынан да қисыны келмейді. Байырғы араб тілінде «фатиха» – «кітап ашар», «сөз басы», «Құранның негізі» деген мағына береді. Ал қазақ тіліндегі «бата» сөзінің мағынасы

Скачать книгу