Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 30

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      «Белгілі бір жұлдыздың батуынан келесі жылғы батуына дейінгі уақытты олар (есепшілер) бір жыл деп алды. Бұл аралықта 365 күн болатынын есепшілер жақсы білді. Осындағы 360 күнді шартты түрде 12 айға бөліп, әр айда 30 күн болады деп белгіледі. Қалған 5 немесе 6 күнді он екі айға қоспай, балақ күн немесе бесқонақ деп атады». (М. Ысқақов, 104. 220-221-б.).

      Бесқонақ жұлдыздар ауысар кезде өтетіндіктен, бір күн боран, бір күн сырғыма, қатты жел болып, ауа райы құбылып тұрады. Сол себепті бесқонақ кейін келе амал атына айналып кеткен.

      Қыс пен жаздың қақ ортасындағы (17—21 – наурыз аралығы) «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып тұрып алатын «бесқонақты» есепшілер «Жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер тұсы» деп түсіндірген. Қазақ бұрын осы өлараны өткізбей жолаушы жүрмеген, көшпеген, жиын-той жасамаған, мал сойып, қонақ шақырмаған.

      БЕС ТОҒЫСТЫҢ БЕТ ЖУАРЫ

      «Наурыздың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар 5—10 күндік жауын-шашынды амал – Бес тоғыстың бет жуары. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ, ескек желді ай. Наурызда Үркер туа таң атады». (Ж. Кейкін, 42.).

      БЕСІКСІЗ ҮЙДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ

      Бұл – баласыз үйде береке жоқ дегені.

      «Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етеді. Себебі, бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, берекесі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы „Бесіксіз үйде береке жоқ“ деп ой топшылаған». (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.).

      БЕТКЕ ҰСТАР

      «Ендігі әңгіме мейлі ханзада Сыңлы немесе Нулы болсын, біз айтып жүрген еш қазақ тайпаларының құрамында аты жоқ сақ ханзадасы болсын, әйтеуір бүгінгі қабырғалы қазақ халқының, дүниежүзі мәдениеті алдында бетке басар байлығы, ұлттық мақтанышы, рухани азығы, алтын тамыры екендігі анық». (С. Әмірбекұлы, Г. Айтжанбай, «Айқын», 09. 01. 2015.).

      «Бетке басу» сөз тіркесі, «адамның айыбын, мінін, кемшілігін бетіне айту, көзінше ашық мәлім ету» деген мағынаны білдіреді. Әңгімеге арқау болып отырған ханзадаларымыз біздің бетке басар мініміз, кемшін тұсымыз емес, тамыры терең тарихымызды паш ететін ұлттық мақтанышымыз. Ендеше, бұл жерде «бетке басар» емес, керісінше, «үлгі тұтар, мақтан етер» деген оған кереғар мағынада жұмсалатын «бетке ұстар» тіркесі қолданылуға тиіс еді. Қаламы төселеген, көп жылдық тәжірибесі бар, тілді тәуір біледі деп саналатын белгілі журналист әріптестеріміздің осы сөз тіркестерінің мағынасын айырмады деуге сену қиын. Алайда, газет бетіне тайға таңба басқандай жазылған сәтсіз қолданыс көзге ұрып-ақ тұр». (Ш. Құрманбайұлы, 9. 5—11. 11. 2015.).

      БЕТІНЕН БОЗДАҒЫ АҒЫП ТҰР

      «Боздақ көктемде жүні күзелген түйе жануарының терісі үстіне күсқыртысы сорланып, тұз тәрізді бір зат бетіне жағылғандай көрінеді. Түйе терісінің күсқыртысындағы осы реңді қазақ тілінде боздақ деп атайды. Адамның қарны ашып, күйі кетіп, әлсіреген кезде, бет әлпеті, өң-түсі өзгеріп, қаны қашып, бозарып, сұрланып, беті шаңыттанып, бет түгі үрпиіп

Скачать книгу