Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 25

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

сақтап қалды». Е. Омаров, 180—181б.

      Көне түркі мифологиясы бойынша, Ұмай ана – Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушысы, береке-молшылық тәңірісі болған. Ертеде және бүгінгі заманда да халқымыз келін түсіргенде, әйелдер босанғанда, бөбектер мен аналардың жебеуші пірі ретінде сыйынады: «Май әулие! Майсыз барсаң есіркер қай әулие», «Менің қолым емес, Бибатпаның қолы» деген тіркестер соның айғағы.

      БАЙ БОЛ, МОЛДА БОЛ!

      «Бала кезде үлкендердің қолына су құйғанда, олардың көбісі: «Бай бол, молда бол, балам!» – деп бата беруші еді. Кеңес дәуірінде білім алып, «Бай мен молданы қойдай қу қамшымен» деген сөздерді жаттап өскеннен бе, «Үп-үлкен кісілердің мұнысы несі?» – деп аң-таң қалушы едім. Өсе келе түйсінгенім: бай бол дегені – миыңда да, үйіңде де бар болсын, төрт құбылаң сай болсын дегені екен. Молда бол дегені – білімді бол, ақылды бол дегені екен. Байды сараң, молданы арам деп насихаттаған кеңес идеологисы қанша мықты болса да, қазақтар өз балаларына Баймолда, Бақтыбай, Молдабай секілді есімдерді тегін қоймаған шығар-ау.

      Әрине, байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес. Жан байлығына не жетсін». (А. Қожаұлы. 9. 02.02.95).

      Иә, автор дұрыс қорытынды жасайды, жан байлығына не жетсін.

      БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ

      «Байқоңыр – үстіміздегі ғасырдың (ХХ-ғасыр – К.О.) көп атауларының бірі – ғарыш ғасыры деп аталса, сол ғасырдың рәмізі – осы Байқоңыр. Бұл рәмізде екіұдайлық айқын көрінеді. Өткен мен келешек, ескі мен жаңа мәдениет, ғылым мен ата дәстүр осы мекенде ұштасады, олардың арасындағы қайшылықтар да осы жерде көрінеді. Қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың „Боранды бекет“ повесінде осы екіұдай сезім барынша дәл бейнеленген». (С. Қондыбаев, 9. 6.10.94.)

      «Байқоңыр – ғарыш айлағы» дегенде біздің көз алдымызға шексіз ғарыш пен жердің арасындағы жолдардың түйіскен тұсы, бекеті елестейді. Өркениет өзегі, қақпасы орталығы біздің қасиетті жерімізде екен ғой. Тек соны ел игілігіне пайдалана алсақ игі.

      БАЛА ЖЕТІГЕ КЕЛГЕНШЕ

      ЖЕРДЕН ТАЯҚ ЖЕЙДІ

      «– Бала деген жығылады, сүрінеді, жердің қаттылығын біледі, қауіп-қатер бар екенін ұғады. Ыстық пен суықты сезінеді, ащы мен тәттіні ажыратады, сөйтіп жүріп айналасын таниды. „Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді“ деп қазақ соны айтады». (Б. Момышұлы. 15.308-б.)

      Бала сүрініп жығылғында, құлап, жылағанда, оның ата-ана, жақын туыстарын осы мәтелмен жұбатады.

      БАЛА КІНДІК ШЕШЕГЕ ТАРТАДЫ

      «Қазақта ерекше бір қадірлі, өзгеден орны бөлек жанның бірі – кіндік шеше. Сондықтан да „Бала кіндік шешеге тартады“ деп, сәбидің кіндігін кімнің кесуі керек екеніне талғаммен қараған. Бойында жұғымсыз қылығы бар, немесе ауру-сырқаулы, дімкәс адамдарға кіндік кестірмеген. Кіндік шеше болу үшін келіншектің енесімен бірдей жауапкершілік міндеттерді мойнына алатын, жүріс-тұрысы әдепті, қолы ісмер, өнерлі, мінез-құлқы жағымды болуы

Скачать книгу