Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 32

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

Ақпан-Тоқпан әңгімесі соның бір ғана көрінісі деп қарастырған жөн болар. Бұл айдағы бар қазаққа белгілі қыс амалы ақпанның 17-23-і арасында өтетін „Бөрісырғақ“ бораны. Осы боранда даланың көкжалдары жұптасып, 62 күннен соң бөлтіріктерін туады».

      Халық аузында бөрісырғақ боранды-шашынды амалдардың бірі. Бұл амал кезінде боран-шашынмен ұйытқып сырғақ жүреді. Ал сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады.

      БҰҒЫНЫҢ МОЙЫН ЖУАРЫ

      Жауын-шашынды күндер.

      «Қазан айының соңында, қарашаның бас кезінде 5—10 күндік жауын-шашынды кезде бұғы маралмен насай-топыр құрады. Он бес тоғысқа сәйкес келетін бұл амал – «бұғының мойын жуары». (Ж. Кейкін, 42.14—6.).

      «Қазанның 20-жаңасынан Бұғының мойын жуары амалы басталады. Бұл мезгілде бұғының түгі түсіп, әбден семіреді. Мойны жуандайды. Бұрынғылар бұғының осы өзгерістерін негізге алып, осы мезгілді бұғының мойын жуары деп атаған сыңайлы. Тағы бір дерек, бұл атау бұғының тау басындағы қарға мойнын сүйкеп жуғанын мегзейді дейді. Кей өңірлерде бұғының мойын жуандауы деп те атайды.

      Жыл есепшілері бұғының үйірге түсуіне ерекше көңіл бөлген. Егер бұғылар үйірге ерте түссе, қыс аяғы созылады деп топшылаған. Осы амал кезінде бұғылар жарай бастайды, бұл үйірге түсудің алғашқы дайындығы есепті». (7.).

      БҰЛ МЕНІҢ ҚОЛЫМ ЕМЕС,

      ЖАҚЫП ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚОЛЫ

      «Құмалақ бөлу – құмалақты оң қол мен сол қолдың көмегімен үш топқа жіктеу. Құмалақшылардың айтуына қарағанда, қырық бір құмалақ тұтас күйінде киелі саналады. Оны үшке жіктеген кезде бөлінбейміз деп дау шығарады екен. Сондықтан да, оны бөлген кезде, „Бұл менің қолым емес, Жақып пайғамбардың қолы“, – деп бөлу керек дейді. Құмалақты басқа, жүрекке және өкшеге деп үш топқа ыдыратады». (Т. Міштайұлы, 9. 28.03.91.)

      Құмалақшылардың бал ашқанда, сыйынатын пірлері Жақып пайғамбар болса керек. Құмалақшылар мен балшылар осы сөзді айта отырып, өздерінің құмалақтары мен балына қасиет дарытады.

      БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

      «Бала кезімізде бұлақтың көзін тазалауды парыз деп білдік. Әсіресе, наурыз кезінде. Ата-әжелеріміз: „Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жан-жануарлар тоқ болады, олар тоқ болса, бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау – бұлақтардың көзін ашқандарың – өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың,“ – дейтін еді. Осыны естігенде тіршіліктің тірегі бізге қарап тұрғандай қанаттанып, бірде-біріміз қалмай бұлақтар мен тұнбалардың көзін ашып, су ағатын жылғалардың жолын тазалауға кетуші едік. Бұл – біз үшін өзінше бір ғажайып серуен секілді еді әрі табиғатты аялаудың, қорғаудың талғамы мол тамаша үлгісі, халық өнегесі болатын». (3.)

      Ауыспалы мағынасы: Талапты жас көрсең, қолдап-қуаттай біл, білім бер, үйрет, баулып, көзін аш дегенге келеді.

      БҰЛ

Скачать книгу