Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 18

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

ауыз сөзбен түйіндеп бере білгені қандай ғажап!

      АТ АЙНАЛЫП, ҚАЗЫҒЫН ТАБАР

      Кетсе, қайтып оралады, түптің-түбінде келетін жері ғой, деген мағынаны береді.

      «Атты мінуден босатқанда оттамасын десе, тізгінін шоқтығына қаңтарып (байлап) жібереді, бос оттағанда ұзап кетпес үшін алдыңғы және артқы бір-бір аяғына өре салады; тіпті жақында оттасын десе, үш аяғына шідер, секіріп аттасын десе алдыңғы екі аяғына ғана тұсау салады; ашықпай айнала оттасын десе, қаққан қазыққа арқандайды. „Ат айналып қазығын табады“ деу содан шықса керек». (С. Мұқанов, 77.125-б.).

      АТ БАСЫНА КҮН ТУСА,

      АУЫЗДЫҚПЕН СУ ІШЕР,

      ЕР БАСЫНА КҮН ТУСА,

      ЕТІГІМЕН СУ КЕШЕР

      Ер жігіт қиындыққа тап болса, төзеді, үйреніп, көндігеді немесе қандай ауыр іс, қауіп-қатер, қиыншылықтан да қорықпай, білек сыбана кіріседі деген мағынаны береді.

      «Мінген атты еркіне көндіру, оның басын қалаған жаққа бұру үшін қолданылатын тұрман – жүген. Оның темірден жасалған шығыршық, ілгек, ауыздық тәрізді бөлшектері болады. Оларды тек жол жүргенде ғана пайдаланады. Онымен ат жем жеп, су іше алмайды. Сондықтан да „ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен су кешер“ дейді қазақ мақалы. Расында да, жайшылықта ауыздық су ішуге бөгет жасайды… Ауыздықпен ат айдаушының қолын жалғастыратын бау – „тізгін“ аталады. „Жүгенсіздік“ деген сөз адамға қатысты айтылғанда, бетімен кетушілік, тәртіп бұзушылық, дөрекі мінезді мағынасында қолданылады». (С. Мұқанов, 77. 125-б.).

      АТ БОЛАТЫН ТАЙ САЯҚҚА ҮЙІР,

      АДАМ БОЛАТЫН БАЛА ҚОНАҚҚА ҮЙІР

      Қонақжай, қонаққа үйір балаларды ерекшелегенде осы сөзге жүгіне-ді.

      «Ат болатын тай саяққа үйір, адам болатын бала қонаққа үйір» дейді қазақ. Саяқ – өзге жылқыларға жоламай, бөлек жайылатын аттар». (С. Мұқанов, 77.76-б.)

      АТ ЖАЛЫН ТАРТЫП МІНДІ

      «Байталдың кекілінің түбін қынап, ұшын тегістейді. Құйрығын құндыздығынан (құйрықтың түбі, құйысқандықтан тұтамдай төмен) бір, орта тұсынан екінші рет бунап күзеп, ұшын қырқып қояды.

      «Құнанның кекілін түбінен, құйрығын құндыздығынан сәл ғана қынайды да, басқа жағына тиіспейді. Ал екеуінің де жалын түбінен сыпыра күзеп, шоқтықтың алдыңғы жағынан (жалдың біткен жерінен) бір тұтам жал қалдырады. Атқа мінерде кісі, аяғын үзеңгіге салған соң, сол қолымен содан ұстап, оң қолымен ердің артқы қасынан ұстап көтеріледі. Сірә, қазақтың „Ат жалын тартып мінді“, – деген сөзі осыдан шыққан болар». (Н. Қазыбеков, 56. 71-б.).

      Бұл сөздің мағынасы ер жетті, жігіт, азамат болды деген мәнде ұғынылады.

      АТА ҚАРҒЫСЫНА ҰШЫРАҒАН ҰЛ ОҢБАЙДЫ

      (Екінші нұсқасы) *

      «…Бата-тілек құдайдың құлағына шалынбай қоймайды, ата-ананы ренжіткен ұл мен қыздың көсегесі көгермейді, жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды» деп түсінген халықтың діни сенімі ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінен де орын алған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырының

Скачать книгу