Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 4
Алтыаяқов Байман
Аманқұлов Серік Айдарбекұлы (20.04.1955, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) – «Қазақмыс» корпорациясының филиалы Қарсақбай металлургиялық зауытының токарі. Еңбек жолын 1973 жылы зауыттың темір жол цехында машинист көмекшісі болып бастаған. 1976 жылы Кеңес әскер қатарында борышын өтеп келгеннен кейін зауытқа қайтып келіп, құю-механикалық теліміне токарь шәкірті болып жұмысқа қабылданды. Осы күнге дейін орнын суытпай тәжірибелі жұмыс атқарып токарьлардың бригадирі ретінде зауттың қарқынды жұмыс істеуіне мол үлесін қосуда. Аманқұловтың адал және қажырлы еңбегін «Қазақмыс» корпорациясы жоғары бағалады. Ол «Қазақстанның бірінші мысы» төсбелгісі және «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Аманқұлов Серік
Асанбеков Қазыбай (10.04.1932, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Ворошилов атындағы ұжымшар – 19.02.2009, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) соғыс жылдары бала кезінен ұжымшардың шаруасына араласқан. Еңбек жолын 1949 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытында жұмысшы болып бастаған. 1958 жылдан ұнтақтау-транспорттық цехында ұнтақтаушы, 1962 жылдан сол цехта өндіріс телімінің шебері, 1970 жылдан метеллургиялық цехта горновой, 1974 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қарсақбай металлургиялық зауытында балқытушы болып жемісті еңбек етті. Қ. Асанбеков Еңбек Даңқы орденінің, «1941—1945 Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970) және басқа медальдар мен төсбелгілерінің иегері.
Асанбеков Қазыбай
Асанов Жүсіп (1909, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қаракеңгір болысы, №1 ауыл – ө.ж.б.) – ағартушы-ұстаз. Әке-шешесінен ерте айырылған ол әкесінің ағасының қолында тәрбиеленеді. Бастауыш мектепті (1925), Атбасар қаласындағы ауылшаруашылығы мектебін (1928), Қарағанды мемлекеттік мұғалімдер институтын (1951) бітірген. 1928—1941 жылдары қазіргі Ұлытау ауданының аумағында «Шашты» серіктестігінің №15 ауылында, Қарсақбай, Жезқазған кенттерінде бастауыш мектеп мұғалімі, әрі меңгерушісі, мектептегі мұғалімдік қызметімен қатар аудандық халық-ағарту бөлімі инспекторының міндетін қоса атқарды. 1941—49 жылдары Жезқазған аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болды. Кейінгі жылдары Рудник кентінде, Жезқазғанда орта мектеп, жұмысшы-жастар кешкі мектебін басқарды. Асанов Ұлытау – Жезқазған өңірінде тұрғындардың сауатсыздығын жоюға, білімін, мәдени дәрежесін көтеруге, тау-кен өндірісіне керекті білікті жұмысшылар, инженер-техниктер дайындауға үлес қосты.
Асанов Жүсіп
Атбасар түсті металдар тресі (Атбасцветмет) – 1925 жылы 10 маусымда Еңбек және Қорғаныс кеңесінің арнаулы қаулысымен ұйымдастырылған. КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесіне қарасты Главметалл басқармасының өндірістік-аумақтық