Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 8
Әлібеков Әкбай
Әміралин Әбілқасен (1912, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы – 1991, Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы) – Ұлытау өңірінен шыққан тұңғыш журналист. Қарсақбай ауданы «Қызыл Кенші», Ұлытау ауданы «Коммунизм туы» газеттерінде редактор, Қарағанды облысы «Советтік Қарағанды» газетінің бөлім менгерушісі болған. Жезқазған облыстық телерадиохабарларын тарату комитетінде бас редактор болып істеген. «Жамалым – жаным, амалым – наным», «Жөкей сот», «Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» атты және басқа мақалалары мен фельетондары танымал болған. 1943 жылы Шашубай мен Болманның айтысын ұйымдастырған, өзі ақын Иманжан Жылқайдаровпен айтысқан. 1985 жылы Қарсақбай-Жезқазған өңірі өнеркәсібінің дамуы жайлы «Арқада туған алып» атты публицистикалық кітабын жазған. Қазақстан Журналистер одағынын алғашқы мүшелерінің бірі. Бірнеше медальдармен марапатталған.
Әміралин Әбілқасен
Әубәкіров Мұханбетқали Смағұлұлы (19.12.1956, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) Қарсақбай орта мектебін бітірген соң еңбек жолын Қарсақбай металлургиялық зауыттың темір жол орталығында слесарь болып бастаған. 1980 жылы қаңтарда АТС-ке электромонтер болып жұмысқа қабылданды. 1980 жылдан 1998 жылға дейін зауыттың электр-қосалқы шаруашылығында көлік жүргізуші, кейін механик болды. 1999 жылдан осы күнге дейін көлік телімінде шебер болып еңбек етеді. Әубәкіров ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, зауыттың 85-жылдығына орай «Нива» автокөлігімен және басқа да зауыт әкімшілігі мен кент әкімдігінің бағалы сыйлықтармен марапатталған.
Әубәкіров Мұханбетқали
Бабасов Әлихан Гайнуллаұлы (1983, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Мәскеу қаласындағы тау-кен университетін (2008) бітірген. Экономика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (2014), экономика ғылымдарының кандидаты (2012). Тау-кен инженері Бабасов еңбек жолын «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі жер асты кеніштерінде ауысым шеберлігінен бастады. Жас маман өндірісте бастамашылдығымен, іскерлігімен көзге түсті. Ауысым шеберлігінен жерасты телімінің техникалық жетекшісі, содан кейін «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің техникалық және инвестиция жобалау бөлімінің экономика жөніндегі маманы болып тағайындалды. 2014 жылдың қаңтарынан «Қазақмыс» корпорациясына қарасты