Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 11
Байтасов Рахымбек (1908, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау болысы – 1982) 1927 жылы Жезқазған кенішінде жұмыскер. Қарсақбай байыту фабрикасында электр монтері, ауысым бастығы, фабрика бастығының орынбасары. 1931—1932 жылдары Свердловскідегі кен-металлургия институты жанындағы өнеркәсіп академиясының тыңдаушысы. 1939 жылы Жезқазған аудпарткомының бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1940 жылы Жезқазған аудпарткомының кадрлар жөніндегі хатшысы, 1943 жылдың мамырынан 1945 жылдың сәуіріне дейін еңбекшілер депутаттары Жезқазған аудандық кеңесі атком төрағасы. Кейін Кеңес Одағындағы ең үлкен «Байқоңыр» қой кеңшарының директоры болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.
Байтасов Рахымбек
Балбырауын темір кені – Қарсақбай кентінен оңтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан кен орыны. Барлау жұмыстары 1931—1949 жылдары Қ. Сәтбаевтің басқаруымен жүргізілген. Горизонтта 30-ға жуық кен денелері бар, олардың өлшемдері әр түрлі: бірнеше метрден 5 км-ге дейін жетеді. Ұсақ түйіршікті кварц және гематит агрегаттарынан тұратын темір-кварцит кентасындағы Ғе мөлшері 40%-ке жетеді. Барланған қоры 125,5 млн. т, оның 80%-ін ашық әдіспен өндіруге болады. Кенді байыту технология жоқтығынан Балбырауын темір кені игерілмей келеді.
«Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедия. Астана, 2018. 151-бет.
Балқыбаев Әбдірасыл (1931, т.ж.б. – 2010, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) Қарсақбай фабрика-зауыт мектебінде оқып, жөндеуші, флотатор мамандықтарын меңгеріп шығады. 1948 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасына әуелі классификаторшы, кейін диірмен машинисі болып тағайындалды. Табиғатында сөзден гөрі еңбекке бейім жас жігіт бұл жұмысты қысқа мерзімде игеріп, дөңгелетіп әкетті. Өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Жезқазғанда қуатты байыту фабрикасы салынып, Қарсақбайдағы фабрика өз жұмысын тоқтатты. Балқыбаев Жезқазғанға жұмысқа шақырылды. Жезқазғандағы байыту фабрикасындағы өндіріс технологиясы Қарсақбаймен салыстырғанда күрделі екен. Сондықтан да ішінде Балқыбаев бар бірнеше қарсақбайлық жігіттерді Балхаштағы комбинатта өндірістік тағлымдамадан өткізуге жіберді. Бұл жылы көп нәрсеге көзі қанығып, үйреніп, біраз нәрсені ой сарабынан өткізіп, көңілге түйіп қайтты. Жезқазған байыту фабрикасында да диірмен машинисі болып істеді. 1988 жылы зейнеткерлікке шыққанда осы мамандық бойынша еңбек өтелі барлығы 40 жыл болды.
Балқыбаев Әбдірасыл
Балқыбаев Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Балтабаев Байжан