Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 12
Бәйменов Әлихан
Бәтеев Қарабек (15.01.1912, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Қарсақбай ауылы – 19.03.1996, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) еңбек жолын 1939 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытында жүк тиеуші болып бастаған. 1944 жылдан откатчик, 1951 жылдан ҚТЖ-да слесарь, 1953 жылдан вагон бақылаушы, 1963 жылдан 1967 жылғы 7 шілдеде зейнеткерлікке шыққанға дейін вагон депосында бригадир болып еңбек етті. Қ. Батеевтің еңбек кітапшасы жұмысына жауапты қарағаны үшін алғыстар мен ақшалай сыйлық алғаны туралы жазбаларға толы. Ол 1943 жылы соғыс қажеттілігіне атқарған нәтижелі жұмысы үшін стахановшылардың қатарынан көрінді. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жалдарындағы ерең еңбегі үшін» (1946) медалімен, «Коммунистік еңбегінің үздігі» (1966) төсбелгісімен және мемлекеттік грамоталармен марапатталған.
Бегімбетов Әбдібай (1917, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай елді-мекені – 1998, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы) Ұлы Отан соғысының майдангері. 1939 жылы кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Ақфиндермен, фашистік Германиямен, милитаристік Жапониямен соғысуға қатысты. Елге 1947 жылы оралғаннан соң ұжымшар партия ұйымының хатшысы, ұжымшар басқармасының төрағасы болып сайланған. 1952 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытына жұмысқа түседі. Металлургия цехында аспалы кран машинисі, балқытушы болып еңбек еткен. Өндірісте тапсырманы жыл сайын 102% асыра орындап отырған. Мінезі баладай ақкөңіл, ешкімнің бетін қайтармаған, жұмыс орынында жауаптылығымен, біліктілігімен көзге түскен. Өз мамандығына оннан астам жас жігітті үйреткен. «Ерлігі үшін» (1943), «1941—1945 Отан соғысы жылдарыфашистік Германияны жеңген үшін», «Жапонины жеңген үшін» медальдарының иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Бегімбетов Әбдібай
Бейсекбаев Әбдіраман (1909, Ақмола облысы, Атбасар уезі) – Қарсақбай байыту фабрикасында аға фильтровщик. Уақтау цехында 1930 жылдың 31 желтоқсанынан откатчик болып еңбек жолын бастады. 1933 жылдың шілдесінен байыту фабрикасында фильтровщик. Тәжірибелі байытушыны 1938 жылы шілдеде жобалық қуатын игеруде үлкен қиыншылық көріп отырған Балқаш байыту фабрикасына мамандығы бойынша жұмысқа жіберілді. Ол мұнда 1 жыл 7 ай 18 күн еңбек етті. Қарсақбайдың атын ақтады. 1940 жылдың 4 мамырынан