Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 9

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

Ворошилов атындағы ұжымшар – 1989, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1956 жылы кеңес әскер қатарында әскери міндетін өтеп келісімен Қарсақбай мыс қорыту зауытында балқытушы болып еңбек жолын бастады. Кейін ауысым шебері, аға шебер, электр пеші бөлімінің бастығы болып 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. 1969 жылы Қарағанды облыстық Кеңесіне депутат болып сайланған. Ш. Байғорин сіңірген қажырлы еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Ол Еңбек Қызыл Ту (1974) орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100-жыл толуы құрметіне» (1970) медальдармен марапатталған.

      Байжіқов Қаржан (1907, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, №8 ауыл – ө.ж.б.) 1928 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының темір жол бөліміне отжағушы болып орналасқан. 1931 жылы металлургиялық цехқа қара жұмыскер болып ауысады. Өндірісте жүріп металлургтердің жүріс-тұрысына, мамандығының қыры-сырына, тұрмыс-тіршілігіне қаныға берді. 1932 жылы дабылшы, 1933 жылы кіші горновой, 1933 жылдан зейнеткерлікке шыққанша фурмовшы, аға фурмовшы, 1946 жылы аға конверторшы болып үздіксіз еңбек етті. Мінсіз қызметі және ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

      Байзақов Хамзе (1896, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау өңірі – ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауыты металлургия цехына 1929 жылы 22-желтоқсанда қара жұмыскер болып жұмысқа қабылданған. 1930 жылдың 16-сәуірінен тиеуші, 1932 жылдың 18-тамызынан горновой, 1938 жылдың 7-сәуірінен балқытушы. 1938 жылдың 11-шілдесінде ауысым шебері болып тағайындалады, 1949 жылдың 15-қарашасында балқытушы мамандығына қайта оралады. 1945 жылы КОКП мүшелігіне қабылданады. Байзақов Ұлы Отан соғысы жылдары ауысым шебері болса, оның кіші інісі байыту фабрикасында машинист, екіншісі флотатор, үшіншісі шарпу пешінде горновой, төртіншісі конвертор цехында фурмовщик болып жоғары өнімді еңбек етті. Байзақов Еңбек Қызыл Ту орденімен (1949), «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

      Байқоңыр көмір ошағы Қарсақбай кентінен оңтүстік батысқа қарай 60 км жерде орналасқан. Көмір өндірілген жер иесінің есімімен әуелі Шоқпар, кейін көмірлі аймақты 1905 жылы ағылшындарға жалға берген жамантымақ қыпшақ Байқоңыр байдың атымен аталған (Географические названия мира. Топономический словарь. М. Аст. Поспелов Е., 2001). Ағылшындар геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бірнеше жылда қоңыр көмір қоры 714840 т жеткізілді. Бұл жылына 56500 т көмір өндірілсе, ол жылына 5000 т қара мыс беретін Қарсақбайды мыс қорытуға 12 жылға қамтамасыз ететіні анықталды. Сондықтан да зауыт Жезқазған мен Байқоңырдың тең ортасында дерлік Қарсақбай ашағында салынатын болды. Олардың арасы ұзындығы 120 шақырым тартабанды темір жолмен байланыстырылған.

      Байқоңыр көмір ошағында 1911 жылы 200-дің үстіне жұмысшы болды. 1911—1917 жылдары 34419 т қоңыр көмір өндірілген. Оны негізінен Қарсақбай, Жезқазған және Байқоңыр кенттерінің тұрғындары, жергілікті өндіріс отын ретінде жақты. Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндірісі бірнеше есе артып, жылына 130 мың тоннаға дейін жетті.

Скачать книгу