Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 13

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

марапатталған.

      Дереккөз: «Жезқазғантүстімет» ӨБ архив қоры. М. Сейтжанов

      Бектепберген ұста Үдербайұлы (1870, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, Терісбұтақ өзенінің бойы – 1922, Қарақұм) – ұста, Амангелді Имановтың ағасы. Ауыл молдасынан және өз анасынан сауатын ашқан. Киіз үйдің шаңырағын, уық, керегесін, шана жасаған. Қарсақбай, Байқоңырға барып, өндірісте еңбек еткен. 1916 жылғы Торғай көтерілісікезінде Балықтың қарасуында ұстахана ұйымдастырып, қару-жарақ соғатын және жөндейтін ұсталар тобын басқарған.

      Биназаров Қазыбай (18.02.1936, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай кенті) – КСРО түсті металлургия саласының құрметті металлург (1978). Жамбыл Жабаев атындағы алтыжылдық мектепте орташа білім алған. Еңбек жолын 1953 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытында токарьдын шәкірті болып бастаған. 1954 жылдан Қарсақбай темір жолында кочегар, 1959 жылдан машинист көмекшісі, 1961 жылдан темір жолдың бас кондукторы болды. 1975 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қарсақбай металлургиялық зауытының құю-механикалық телімінде дайындаушы, шихтовшы, ұста болып абыройлы еңбек етті. «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100-жыл толуы құрметіне» (1970), «Ерлік еңбек үшін» (1981) медальдарымен марапатталған.

      Биназаров Қазыбай

      Богатырев Марк Евсеевич (1902, Сталинград облысы, Илавлин ауданы – ө.ж.б.) 1913—1925 жылдары туған жерінде ауыл шарушылығы саласында еңбек етті. 1925—1929 жылдары Сталинград қаласындағы «Красный октябрь» зауытында жұмысшы, кейін бригадир болды. 1929—1930 жылдары сол қаладағы трактор зауытында тойтарғыш, бригадир жұмысын атқарды. 1930 жылдан бастап БК (б) П мүшесі. 1930—1933 жылдары Магнитогорск қаласындағы домна цехында шебер, домналарды монтаждау бойынша прораб болды. 1932 жылы домна пештерін монтаждауда нормасын асыра орындаған үшін Одақтық атқару комитетінің алғыс хатымен және ақшалай 200 рубльмен марапатталған. 1933—1934 жылдары Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында Мартен пештерін монтаждау бойынша шебер болып істеді. 25.10.1934 жылы Харьков қаласындағы Украина өнеркәсіп академияның металлургия факультетіне түсіп, 15.07.1938 жылы болат құюшы мамандығын алып шықты. Богатырев 1938 жылы 17 тамызда КСРО Ауыр өнеркәсібінің халық комиссары Л.М.Кагановичтың өкімімен Қарсақбай мыс қорыту комбинаты директорының орынбасары етіп тағайындалды. 1500 рубль жалақы бекітіліп, жеке пәтер берілді. 1938 жылы Қарсақбай комбинатынан Жезқазған мыс кеніші заңды тұлға болып бөлініп шықты. Байқоңыр көмір ошағы Қарсақбай мыс зауыт құрамында қалды. Зауыт директорлығына Богатырев тағайындалды.

      Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы (1964, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Өрнек ауылы) Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясын (1991) бітірген. 1987 жылы Грозный қаласында жас әншілер конкурсында лауреат атанған. 1988 жылы «Жігер-88» республикалық конкурсының лауреаты, 1990 жылы Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурсының бірінші орын иегері, 1991 жылы «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты. 2001 жылы «Золотой диск» атты конкурстың жүлдегері болған.

Скачать книгу