Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 14

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

Қарсақбайға баруға біржола көндірген сияқтымын» – деп жазады Қ. Сәтбаев Москвадан жұбайы Т.А.Кошкинаға жіберген хатында.

      Бөкейханов 1930 жылы Қарсақбай комбинатының геологиялық кеңсесінде аймақтық геолог болып жұмысқа қабылданды. 1934 жылы Москвада өткен КСРО Ғылым Академиясының Үлкен Жезқазған мәселесін талқылаған төтенше ғылыми сессиясында жас геолог мінбеге шығып «Жезқазғанның кен аймағы және структурасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол баяндама келесі жылы жарық көрген «Большой Джезказган» жинағында жарияланды.

      1935 жылдан бастап, әкесі Москвадан шығу мүмкіндігінен айырылғандықтан, Бөкейханов өз мамандығы бойынша Оралдағы Блява мыс өндірісіне ауысады. Кейін Хакас автономия облысының Сор қаласында геологиялық барлау экспедициясының бас инженері болды. Мыс және уран кендері бойынша бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.

      Дереккөз: Қаныш Сәтбаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. Алматы. «Қазақ энциклопедиясы». 2011 жыл. М. Сейтжанов.

      Бөрібаев Сергей Әлімжанұлы (1943, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы – 2004, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) 1967 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша инженер-электрик болып еңбек етті. Кеңес әскері қатарында борышын өтеп келгеннен кейін партия қызметіне шақырылады. 1973—1983 жылдары Жезді ауданы «Байқоңыр» кеңшары партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. 1983 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесі аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы етіп бекіткен. Қарсақбай мыс қорыту зауыты жабылып, оның материалдық базасы негізінде шойын қорытатын зауыт қалыптасып жатқан кезеңде зауыттың партия бюросына жетекшілік етті, соңғына зауыттың бас инженері болып еңбек етті. Бөрібаев аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, ауаткомның мүшесі болды. Жұмыстың қай саласы болсын өзінің біліктілігімен, іске берілгендігімен, қағидашылығымен көпке көріне білді.

      Бұқабаев Науан Қапарұлы (22.06.1935—23.05.2010) – инженер-металлург. 1960 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Қарсақбай мыс қорыту зауытында горновой (1960), аға инженер-зерттеуші, шарпу пешінің аға шебері (1961), өндірістік телімінің шебері (1962), конвертор телімінің бастығы (1963), металлургиялық цехтың бастығы (1972). 1973 жылы зауыттың бас инженері болып тағайындалды. 1979 жылы зауыт партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Мыс өндірісі тоқтап, зауытты басқа салаға бейімдеу қолға алынғанда тәжірибелік-сынақ телімін басқарды. Қазақ ұлттық металлургиясының қарашаңырағын мақтан тұтты, оның жабылып қалмауына атсалысты, шойын қорытатын тәжірибелік телімді өз қолымен іске қосты.

      Бұқабаев Науан

      Бұқарбаев Арықбай (1899, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – ө.ж.б.) 1928 жылы Қарсақбай мыс зауытының электр станциясына шуровшы болып қабылданады. 10 жыл отжағушы, аға отжағушы, қазандықты тазартушы болып істейді. 1949 жылы шуровшы болды. Өзі сауатсыз болса да мамандығының қыры-сырын жетік білді. Марапат парағында

Скачать книгу