Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 16
Алып жоқ Балмұқанның асқан елі.
Бұрғышы кім білмейді Әйгеловты,
Самғаса, сан жарыста бәйгі ілікті.
Бітірген айлық істі бір тәулікте,
Өнері ерлігіне сай келіпті.
Кімің бар пар келетін Ақшаловқа,
Ерлікпен даңқы шыққан шартарапқа.
Нормасын жиырма адамның жабар еді,
Бір күнгі еңбегінен енші алып та.
Оларға көпшіліктің ұйғарымымен «тыл гвардияшылары» құрметтті атағы берілді. Солардың бірі Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты, №12 шахтанын бұрғышысы Ахметқали Сафин 1942 жылы 21 ақпанда бұрын көз көріп, құлақ естімеген рекорд жасады. Ол жалғыз перфоратормен 1400 тонна мыс кенін құлатып, ауысымдық нормасын 3800 пайыз орындары. Ол сол күнгі 1200 сом табысын толықтай қорғаныс қорына аударды.
Осы жылдың тамыз айында Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы болған Жезқазған кеншілеріне КСРО Түсті металлургия халық комиссары П.Ф.Ломако мынадай телеграмма ұрды: «Бүкілодақтық Орталық кәсіподақтар кеңесі мен Түсті металлургия халық комиссариаты тамыздағы социалистік жарыстың қорытындысы бойынша кеніш ұжымына үшінші дәрежелі сыйлық беруге ұйғарды. Сіздің ұжымның тау-кен дайындық жұмыстарында артта қалушылықты жеңіп, кеңіштер арасында бірінші орын алуға барлық мүмкіндіктеріңіз бар. Озат шахтерлер К. Әйгелов, Ы. Анарқұловтың және басқалардың тәжірибесін өндіріске кеңінен енгізіңіздер, Отанымызды қорғау ісіне қажетті кенді өндіруді еселеу үшін әрбір минутты, әрбір сағатты ұтымды пайдаланыңыздар».
Қарағанды обллыстық партия комитетінің бюросы 1943 жылы 1 маусымда «Бұрғышы Аймаханов жолдастың жұмыс әдістерін тарату туралы» қаулы қабылдады. Онда бүкіл кеңес халқы сияқты 1 мамыр мерекесіне байланысты И. Сталлиннің бұйрығымен жігерленген №15 шахтаның бұрғышысы Б. Аймаханов 1943 жылы 23 мамырда 1477 тонна мыс кенін өндіріп, нормасын 4000 пайыз орындағаны атап көрсетілген. Ол айлық жоспарды небәрі 8 жұмыс күнінде 228 пайыз асыра іске асырып, қызыл әскердің бас колбасшысының қорына 12930 тонна мыс кенін қосты.
Майдандық вахтаға тұрған Ысқақ Анарқұлов, Оразбек Дүйсембаев және И. Васин басқаратын шахталар рекордты көрсеткіштерге жетті. Бұрғышылар Балмақан Аймахановтың жауынгерлік екенші дәрежелі «Отан соғысы», Ысқақ Анарқұловтың «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталуы көп нәрсені аңғартады.
Жезқазғанда кен өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 4 есе, 1943 жылы 5 есе көбейді. Жезқазған кеншілері Ұлы Отан соғысы жылдары 16 рет Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. 1945 жылы 3 шілдеде бұл ту ұжымда мәңгілік сақтауға қалдырылды
Дерек көздері: «Қызыл кенші» газеті, 1941 жыл 18 қараша, ЖҚММ, қор 381, т.1, іс-40, 126 бет, «За медь» газеті, 1946 жыл 3 шілде.
С. Қожамсейітов.
Ванюков Владимир Андреевич (17.06.1880, Ресей, Пермь губерниясы, Галицкое селосы – 31.05.1957) – ғылым және техникада еңбегі сіңген қайраткер, ғалым – металлург, профессор. Пермь осалды училищесін бітірген. 1900 жылы Томск технологиялық