Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 20
Дәуітов үш монографияның, бірнеше оқу құралының, 100 аса ғылыми мақаланың авторы, 13 шетелдік сертификаттың иегері
Деев Иван Васильевич (1884—1972) – ішкі Ресейден «саяси сенімсіз адам» ретінде жер аударылып, 1913 жылы Байқоңыр көмір ошағына жіберілген. Мамандығы – фельдшер. Жергілікті ауруханада жұмыс істеген. 1914 жылы жұмысшылар арасынан большевиктерге тілектес топ ұйымдастырған. Атбасар уездік партия комитетінің тапсырмасымен 1923 жылы іс-сапармен Москваға барған. Оны Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы Ф. Э. Дзержинский қабылдаған. Көп ұзамай Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіру жөнінде шешім шығады. 1925 жылы 14 маусымда Қарсақбай комбинатының директоры қызметіне кірісу үшін жеделхатпен шақыртып алған. Деев Жосалыда жиналып қалған жабдықтар мен станоктарды, Атбасардан азық-түлікті және Спасскіден зауыттың кәдеге жарайтын құрал-саймандарын жеткізіп алу үшін 1500 арба, 3000—5000 түйе керуенін ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардан жаңа жұмысшы кәсіптеріне мамандар дайындауды қолға алды, «қазақтарды ірілі-ұсақты басшы қызметке тарту істің табыс көзінің бірі» деп есептеді.
Деев Иван
Дене тәрбиесі және спорт. Қарсақбай комбинаты дене тәрбиесі ісіне және спортты дамытуға 30-жылдардың басынан мән берді. 1934 жылы Қарсақбайдың мәдениет және демалыс саяжайында жазғы стадион ашылды. Комбинат қайық станциясын ұйымдастыруға суға секіретін мұнарасын салуға жеткілікті қаржы бөлді. Қалашықта «Динамо», «Цемент» дене шынықтыру қоғамдары белсенді жұмысқа кірісті. Олар 250 кісіні қамтыды. Оның жүзі жергілікті фабрика-зауыт мектебінің оқушылары еді. Спортшы жастар алты футбол, баскетбол командасына (оның ішінде біреуі әйелдер командасы) бірікті. Кешкілікте олардың өзара жолдастық кездесулерін бірнеше ондаған қыз-жігіттер қызықтады. Жеті сайын жеңіл атлетикадан өткен сайыстар жаңа есімдерді анықтады. Онымен әуестенушілер қатары көбейе берді.
1935 жылы 21 кісіден құрылған альпинистер Тянь-Шань тауының биігіне көтеріліп, табыспен елге оралды. Комсомол-жастар жиірек Ұлытауға туристік саяхатқа шығып тұрды. Мектеп оқушыларының ұжымшарларға, зауыт цехтарына экскурсиялары жаңғыра бастаған ауыл шаруасын, өңдірісті көріп, танып-білуге көмектесті.
Екі жылдан кейін тир, саяжай мұнарасы, спорт залдар жұмыс істеді. Дене шынықтыру ұжымдары қорғаныс-денешынықтыру ұйым болып қайта құрылды. 1946 жылы оның құрамында 8314 кісі болды, оның 610-ы коммунистер, 834-і комсомол мүшелері еді. Соғыс жылдары БГТО және ГТО төсбелгілері нормаларын 1844 жұмысшы-қызметкерлер, оқушылар ойдағыдай тапсырды. 171 кіші командирлер, 6303 атқыштар, оның 525 автоматшылар,