Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 19

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

мен аудан активтері, комбинат басшылары үнемі құрылысшылар арасында болып, қолдан келген мүмкіндікті жасай отырып, қыс қиыншыларын жұмысшылармен бірге жүріп атқарысты.

      Ә. Әміралин. Арқада туған алып. Қарағанды, «АРКО» ЖШС. 2011 ж.

      Дәуітбаев Батырбек (т.ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс қорыту зауытында қазақтар арасынан шыққан тұңғыш аға горновой. Бүкіл өмірі ауыр бейнет пен күрес үстінде өткен өз заманының жайсаң жігіттерінің бірі. Атбасар қаласының түбіндегі Лепин қалашығындағы Илья Фаутов деген көпестің тері зауытында бұғанасы қатпаған бала кезінен жұмыс істеген. Орысша сауат ашып, орыс тілін бір кісідей меңгерген.

      Дәуітбаев Батырбек

      Дәуітбаев 1925 жылы туған жері Қарсақбайға оралады, зауыт құрылысында тың жігермен беріле жұмыс істейді. Жас жігіт металлургия цехында қара жұмыскер болып, шетелден жеткізілген құрал-саймандардың, технологиялық агрегаттардың тілі ағылшын тілін үйренді. Қарсақбай аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Қарақұм және Созақ ауданы төңірегіндегі байлар мен «кулактардың» көтерілісін басуда тапқырлық пен өжеттік көрсеткені үшін оған өз аты жазылған тапаншаны сыйлыққа тартты. Дәуітбаев өз еркімен ІІ дүниежүзілік соғысына қатысты. 1944 жылдың аяқ шенінде ауыр жараланып, елге қайтап келді, бірақ сол ауыр жарадан қайтыс болды.

      Әбілқасен Әмірәлин. Арқада туған алып. Қарағанды, «АРКО», 2011.

      Дәуітов Баттал Тәжбенұлы (7.02.1914, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы, Малшыбай ауылы – 1967, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) – ұстаз. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын 1957 жылы бітірген. Тарих пәнінің мұғалімі. 1932—1935 жылдары Қарсақбайдағы мектеп-интернатта саяси тәрбиеші, мұғалім. 1935—1950 жылдары Жамбыл атындағы №1 қазақ орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1950 жылдан өмірінің соңына дейін 17 жыл осы мектептің директоры болды. Кәсіби ұстаз басқарған жылдары мектептің оқу-материалдық базасы кеңейтіліп, жаңадан спорт залы, өндірістік оқу шеберханалары салынды, оқу-тәрбие жұмысының теориялық-әдістемелік деңгейі жоғары дәрежеге көтерілді. Дәуітов терең білімі, өнегелі өмірі артына рухани мұра ретінде қалып, оны ұрпақтары мен шәкірттері жалғастыруда. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымымен халыққа білім беру саласында сіңірген еңбегі үшін 1964 жылы 25 сәуірде Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді. «1941—1945 Отан соғысы жылдары тылдағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Ерлік еңбегі үшін» (1949), «Тың игергені үшін» (1957) медальдарымен марапатталған. ҚазКСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері (1968).

      Дәуітов Баттал

      Дәуітова Сауле Батталқызы – филология ғылымдарының докторы. Қарсақбайда туған. Мамандықтары: «Орыс тілі және әдебиеті: қосымша «Педагогика», «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі». Жезқазған педагогикалық институтын үздік (1983) дипломмен тамамдап, Абай атындағы

Скачать книгу