Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 21

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

аурухананы сақтап, қызметін төмендетуге жол бермеді.

      Қарсақбай кенттік ауруханасының негізінде отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылған.

      Доспанов Қойшыбек (1928, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Кішітау ауылдық кеңесі) – металлургтер әулетінің басы. 1943 жылы қарашада Қарсақбай мыс зауытының темір жол цехында жұмысшы болды. 1952 жылы зауыттың металлургия цехына ауысты. Онда шихта тиеуші, горновой, балқытушы. Кейін Жезқазған мыс зауытында 1975 жылы зейнеткерлікке шыққанша 8-санатты аға балқытушы болып жұмыс істеді. Бүгінде ұлдары мыс зауытының металлургия цехында еңбек етеді. Әулеттің «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарындағы еңбек өтелі 400 жылдан асады. Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі.

      Доспанов Қойшыбек әулиетімен бірге

      Дрейман Рудольф Ансович (1887, Курляндия губерниясы – 1938) – Қазақстан мен Орталық Азияда социалистік құрылысқа белсене қатысқан қайраткер. 1905 жылдан большевиктер партиясының мүшесі. 1903—1914 жылдары жұмысшы қозғалысына белсене қатысқаны, ереуілдер ұйымдастырғаны, патша армиясы қатарында болғанда революциялық насихат жүргізгені, бірінші империалистік соғысқа қарсы шыққаны үшін талай рет жер аударылған, түрмеге қамалған. Қазан төңкерісінен кейін бірқатар өңірлерде контрреволюциялық бүліктерді жоюға қатысты. Азамат соғысы кезінде РК (б) П ОК Батыс майданға жіберді. Латвия ОАК мүшесі және оның байланыс халкомы болды. 1921 жылы 6 қыркүйекте Р.А.Дрейман Риддер қорғасын кенішіне, 1926 жылы желтоқсанда Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатына директор болып тағайындалды. Ол өзін ірі өндіріс ұйымдастырушысы ретінде көрсетті. Осы жылы зауыт электр станциясы ток берді, келесі жылы Жезқазған кенішінде мыс кенін өндіру қайта басталды, 1928 жылы қазанда Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске қосылды. Қазақстан үкіметі Р.А.Дрейманды Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіруге сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттауға ұсынды.

      Дрейман Рудольф

      Еділбаев Шәйман (1917, Ақмола облысы, Жезді болысы, Қарсақбай ауылы – 1998, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) – аты өңірге мәлім отызыншы жылдардағы жастар жетекшілерінің бірі. Бастауыш мектепте 2 сыныптық білім алады. Қарсақбай фабрика-зауыт оқуы мектебін бітірген. Металл өңдеу бойынша зауыт жастарының көшбасшысы болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өзі тіленіп от оранған майдан даласында аттанды.

      Еділбаев Шәйман

      1941 жылы қыркүйек айында әкем ұрыс даласында Коммунистік партияның қатарына кіреді. Алғашқы ұрысқа Ленинград майданында атқыштар дивизиясының сабында қатысқан. Қиян-кескі шайқастар, күші басым жаудың үздіксіз шабуылына тойтарыс беру кеңес әскерлеріне оңай болмады. Кезекті бір ұрыста аяғы мен иығынан ауыр жарақат алып, госпитальда үш ай ем алғаннан кейін Қарсақбайға келді. ФЗО мектебіне сабақ берді.

Скачать книгу