Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 22
Елемесов Сұлтан
Ермағанбетов Төлеш (1928, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай қалашығы – 1995, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Жезқазған-Қарсақбай өңірінен шыққан тұңғыш инженер-металлург. 1944 жылы орта мектеп бітірген соң Қарсақбай мыс қорыту зауытына табель жүргізуші болып жұмысқа қабылданды. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Металлургиялық цехта шебер, балқытушы болып істеді. 1956 жылы зауыттың бас инженері, 1958 жылы – бас технолог. 1960 жылы жұмысшылар мен инженерлер бірауыздан кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлады. Зауытта өз ісін жетік білетін маман ретінде көрсетті. Жас металлург инженерлердің, жұмысшылардың тәлімгер ұстазы болды, олардың өндіріс технологиясын игеруіне, рационализаторлар қатарына қосылуына қолғабысын жасады. Өзі де Жезқазған кен-металлургия комбинаты бойынша танымал рационализатор болды.
Ермағанбетов Төлеш
Есенберлин Ілияс (10.01.1915, Ақмола облысы, Атбасар қаласы – 1983, Алматы) – қазақ жазушысы. 1930 жылы Арқаны аштық жайлай бастағанда інісі Раунақ екеуі жан сақтап шұбырған елмен бірге 20-күндік жол кешкен түйе керуенге ілесіп, Қарсақбайға келеді. Онда Назым апалары тұратын еді. Жұрттан сұрастырып үйін тауып алады. Жездесі Сейітқали Райымбаев Қарсақбай зауытында дәнекерлеуші екен. Отбасы ағаштан салынған №154 барактың кішкентай екі бөлмесінде тұрып жатты. Онда Есенберлиннің апасы 22 жасар Назым, 5 жасар ұлы Молдағали мен 2 жастағы Жазкен тұратын. Раунақ екеуі сол үйге жетіп, аштықтан аман қалыпты.