Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 26
Деевтің Қарсақпайдағы ағылшын концессионер қоғамында қызмет істейтін большевик Прохор Иванович Холмецкиймен танысуы оның біріншіден революциялық қызметін әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік берсе, екіншіден Қарсақпай, Байқоңыр кеніндегі астыртын ұйымның негізін қалауға, сондай-ақ оған қазақ шахетрлері Жүсіп Жанбосынов, Нұрмағамбет Саусақов, Қапланбек Бәтешев секілді кешегі жалшы жігіттерді тартуға толық жағдай жасайды.
Осыдан былай қарай Жанбосыновтың бүкіл өмірі мен күрес жолы жаңа бағыт алады.
Жанғалин Мүктар Омарұлы (1910, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №2 ауыл – ө.ж.б.) 1923 жылға дейін анасының қолында болған. Әкесі Омар Жанғалин Ташкентте мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісінен кейін Перовскі (қазір Қызылорда) қаласында панасыз балалар оқитын мектеп-интернаттың меңгерушісі болған. Күзектен 1921 жылы қайтыс болған. Сол уақытта мұғалім отбасы ретінде шешесі мен балаларына мемлекеттік пенсия тағайындалған.
Жаңғалин 1932 жылы қаңтарда Қазақ педагогикалық институтының тарихи-экономикалық факультетін бітірген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарсақбай жұмысшы қалашығына келеді. Фабрика-зауыт мектебінің директоры болып тағайындалады. Сонымен қатар кен-металлургия техникумы директорының міндетін қоса атқарады. 1935 жылы мамырда Қарсақбай мемлекеттік мыс балқыту комбинаты директорының көмекшілігі қызметіне жоғарлады.
1935 жылғы тамыздан қазақ өлкелік партия комитеті насихат бөлімінің қарауында болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Маркс. Энгельс. Ленин институты қазақ бөлімшесінде қызметкер, Қазмембаспасының, ҚазКСР министрлер кеңесі жанындағы архивтер басқармасының директоры. ҚазКСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі.
Жанділдинов Мәжит Мырзамсейітұлы (1947—2010) – Қарсақбайдың генерал-майоры. Ташкент темір жол транспорты инженерлері институтын (1969), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы мемлекеттік хауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебінің жанындағы шет тілін менгерген басшы кадрларын дайындайтын екі жылдық курсты Москвада тәмамдаған. Институт бітіргеннен кейін Қазақ Темір жолының Семейдегі №2 жол дистанциясында электромеханик болып еңбек етеді. 1972 жылдан мемлекеттік хауіпсіздік органдарында қызметте. 1980—1981 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасында болып, міндетін атқаруда ерлік, жүректілік, шешімділік, бастамашылдық, айла керліктің үлгілерін көрсеткен. 1987 жылы Мемлекеттік Хауіпсіздік комитетінің облыстардағы басқармаларының бастығының орынбасары, 1992 жылы Жанділдинов ҚР Ұлттық Хауіпсіздік