Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 28
Жезқазған мыс кен орыны – Ұлытау өңірінде, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан. Кен орнында кейінгі неолит заманынан (б.з.б. 6000 жыл) кен өндіріліп, мыс балқытылған. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің тайпалары мыс өндіруді жеке шаруашылыққа айналдырды. Мыйлықұдық, Сорқұдық, Айнакөл, Кресто, т.б. металлургиялық мекендер пайда болды. Олардың ең ірі қалашығы Мыйлықұдық шамамен ХVІІ ғасырға дейін, яғни Ұлы Жібек жолы құлдырағанға дейін жұмыс істеп тұрды. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 жылы орыс көпесі Н. Ушаков ашқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың «Атбасар мыс кентасы» акционерлік қоғамына концессияға берілді. Олар 1907 жылдан 1912 жылға дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Жалпы тереңдігі 20 мың метрді құрайтын 234 ұнғыма бұрғыланды. 1914 жылы жалпы 335 метр тереңдік 14 шахта жүрілді. («Большой Джезказган». АН СССР. Москва. 1935. Статья Сыромолотова Ф. Ф. «Госплан СССР. Джезказган»). Кен барлау жұмыстары 1925 жылы кең көлемде жүргізіле бастады. Бірінші отандық мыс 1928 жылы Қарсақбай комбинатында балқытылды. Академик Қ. И.Сәтбаевтың 1929 жылы қолға алуымен басталған геологиялық барлау жұмыстарын үздіксіз жүргізген. Жезқазған мыс кенінің геологиялық құрылысы таскөмір, пермь және кайнозой шөгінділерінен құралған. Таскөмір жүйесінің орта және жоғарғы бөлімдерін қамтитын кен қабаттары Тасқұдық, Жезқазған свиталарына жіктеледі. Қалыңдығы 250 – 300 м Тасқұдық свитасы 3 кенді горизонт құрайтын қызыл және сұр түсті 16 қабаттан тұрады. Қалыңдығы 350 – 400 м Жезқазған свитасы 7 кенді горизонт түзейтін қызыл және сұр түсті 36 қабаттан тұрады. Бұл қабаттар литол құрамы бойынша қызыл және сұр түсі аргиллит, алевролит, құмтастан және аз мөлшерде жұмыртас, жентектас, әктас қабаттарынан тұрады. Кен сұр түсті құмтас қабаттарында шоғырланған. Тектоникалық құрылымына шығыс жағын шектейтін меридиан бағыттағы Шыңғыс Ұлытау, оңтүстіктен Теректі терең жарылымдары кіреді. Жезқазған синклиналі аумағында орналасқан кенді алаң Спасск мульдасы, Ақши күмбезі, Златоуст мульдасы, Кресто күмбезі, Анненск мульдасы және Анненск күмбезі атты бірінен бірі флексуралармен бөлінген құрылымдардан тұрады. Жезқазған мыс кені алты геологиялық-өндірістік телімге бөлінген: Ақши – Спасск, Оңтүстік-Батыс Покро, Солтүстік Покро, Златоуст, Кресто және Анненск. Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгондит. Тереңдігі 10 – 60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Nі, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т. б. Кен денелері таспа, линза, кейде