Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 29
Жеңсікбаев Жүрсін (1934, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Өрнек ауылы – 2009, Қарсақбай кенті) 1951 жылы Қарсақбай металлургиялық цехында еңбек жолын бастаған. Аспалы кран жүргізушісі. 1965 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі құрметті атағы берілген. Еңбектегі үздік жетістіктері үшін 1975 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, 1978 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жеңсікбаев Жүрсін
Жоғары марапат иелері. Қарсақбайлықтардың ерен еңбегін Отанымыз жоғары бағалады. Ұзақ жылғы өнімді еңбегі, мінсіз қызметі, жаңашылдығы және бастамашылды үшін 17 қарсақбайлық Ленин орденімен, қырықтан астам металлург Еңбек Қызыл Ту оренімен, үш жүздей металлургтер, балқытушылар, энергетиктер, көміршілер «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медальдерімен марапатталды. Ленин орденімен марапатталғандар ішінде Қарсақбай геологиялық кенсесінің бастығы Қаныш Сәтбаев, аға конверторшылар Қозыкен Жампейісов, Мұзафар Жүсіпов, Мақсұт Жұмабеков, Оразалы Мейрамов, аға балқытушы Тұрсын Смайылов, аспалы кран машинисі Байқас Мәмбетов, Қарсақбай орталық электр станциясының бастығы Василий Шпак, турбина машинисі Мұқыш Есенбаев, аға фурмовшы Мақсұт Жұмабеков, қазандық тазалаушы Арықбай Бұқарбаев, аға классификаторшы Петр Мельников, боровшылар Нұртаза Самұратов, Тайшығара Нұртазаев, автокөлік жүргізуші Көдей Мамақов, орталық электростанциясының цех бастығы Ю. Я. Юмашев т. б. болды.
Мәмбетов Байқас
Юмашев Г.
Жұмабеков Мақсұт
Еңбек Қызыл Ту орденін жарқыратып төсіне таққандар ішінде металлург-екпінділер Жәкен Нұрханов, Василий Безбатько, Рамазан Мұнсызбаев, Әбдірашит Мәселеев, Әбдірахман Шығысов, т.б. бірнеше ондаған металлургтер болды.
Қарсақбайдан Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген металлургтер, қайраткерлер, рационализаторлар шықты.
Жуков Борис Степанович (1913, Украина, Киев қаласы – ө.ж.б.) – электр станцияларының ІІ-рангалы директоры жеке атағы бар. Лохвицкі механикалық техникумын бітірген. 1934—1949 жылдары Кузнецкі жылу-электр орталығының құрылысында, Кузнецкі металлургиялық комбинатында қазандық шебері, конструктор, инженер, қазандықта от жағушы болып істеген. Жуков 1949 жылы білікті маман ретінде Қарсақбай мыс қорыту зауытына жұмысқа жіберілді. Зауыттың орталық электр станциясында қазандық цехының бастығы, станцияның бас инженері, 1957 жылғы 20-қарашадан станцияның бастығы болып тағайындалды. Оның келуімен станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарды. «1941—45 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы