Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 30
Жүсіпов Мүзафар
Жүсіпов өндірісте жоғарғы көрсеткішке жеткені, Отан алдындағы қызметі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол бұл жоғарғы марапатты Кремль сарайында Одақтың құрметті ақсақалы М.И.Калининнің қолынан алды. Бұл салтанатқа И.В.Сталин, К.Е.Ворошилов, т.б. партия, үкімет басшылары қатысқан.
Жүсіпов Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындаға еңбек ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», т.б. медальдармен марапатталған. Бірінші сайланған Қарағанды облыстық кеңесінің депутаты.
Жүсіпов есімі Жезқазған қаласындағы көшелердің біріне берілген.
(Л.А.Пинегина, С.А.Федюкин. Жезказган – город меди. «Наука». Алматы.1966.
С. Бүкіров. Жарқын жылдар жаңғырығы. Алматы, 2010).
Жылқайдаров Әбдікәрім (1903, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, №8 ауыл – 1949, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1918—1924 жылдары Қызылорда облысында бір байда жалшы болады, 1924 жылы Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының металлургия цехына фурмашы болып қабылданады. Осында 1938 жылы сауатсыздықты жою мектебін бітірген, мамандық шеберлігін көтеру үшін техминимумды меңгеріп, сынақтан сүрінбей өткен. Коммунистік партияның мүшелігіне қабылданады. 1937 жылы конвертор шебері болып тағайындалды. Стахановшылар қозғалысына қатысқан конверторшылар конвертордың жөндеу аралық кезеңде беретін балқымалардың санын 65-тен 220-ға жеткізді. Цех бастығы Е.Д.Гетманның бастамасымен бір топ майталман металлургтер, оның ішінде Жылқайдаров бар, бір тоқсан ішінде шапшаң балқыма алу санын 120-дан 160-қа жеткізді. Ұлы Отан соғысы жылдары шапшаң балқыманың санымен салмағы 15—40 пайызға дейін өсті.
Зенковский Аркадий