Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 31

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, округ тарағанша істеді.

      Иванов 1931 ж. қазан —1935 ж. шілде аралығында Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының директоры болып істеді. Оның келуімен комбинаттағы жағдай жақсарды. 1932 жылы – 3879,29 т, 1933 жылы – 3526,219 т, 1934 жылы – 3945, 1935 жылы – 4376 т мыс балқымасын алдырды. Осы кезеңде мыс кенін өндіру 15 пайыз көбейді. Қалың көпшілік арасында үгіт-көпшілік, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге белсене қатысты.

      Қазақстан партия ұйымында өлкелік жұмысшы-бақылау инспекциясы бақылау комитетіне мүше, кейінірек өлкелік партия комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің, сонымен қатар қазақ өлкелік Орталық атқару комитетінің, облаткомның мүшесі болды.

      ҚР МОМ, қор 141, т-16, іс 4212, 3—13 беттер.

      Иванишко Федор Яковлевич (1910 – ө.ж.б.) Қызыл әскер қатарына Қарсақбайда жұмыс істеп жүрген кезінде шақырылды. Отан үшін болған соғыста өзін ержүрек, мерген пулеметші жауынгер ретінде көрсетті. 1943 жылы 31 желтоқсанда ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 1944 жылы 2 наурызда ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, одан кейін біраз уақыттан соң І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Иванишко 76-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының жеке гвардиялық атқыштар батальонның пулеметшілер тобының командирі болып, 1944 жылы жазда Белоруссия жерінде болған шайқаста ерекше көзге түсті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен «Даңқ» орденінің толық иегеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

      Иванишко Федор

      Игібаев Уәлі (1902, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау болысы – 1960, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1936 жылдың шілдесінен зейнеткерлікке шыққанша Қарсақбай темір жолында паровоз машинисі болып істеген. Жұмыста міндетін жауапты атқаратын, мамандығына жетік, үздік паровоз машинисі екенін көрсетті. Өндірістік нормасын ай сайын 110—115 пайыз асыра орындап отырды. Талай жастар Игібаевтін тәрбиесін көріп, тәжірибесін үлгі етіп, даңғайыр темір жолшылар қатарына қосылды. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» (1946), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1949), «Ерлік еңбегі үшін» (1951) медальдарымен марапатталған. Игібаев адамгершілігі мол, жүрегі жылы, қол ұшын беруге дайын дара тұлға болатын. Торқалы тойда, топырақты өлімде шаруаның ортасында жүруші еді. Ақеділ ағаның сауапты еңбегіне қарсақбайлықтар дән риза болып жүрді.

      Игібаев Уәлі

      Казазаев Тихон Михайлович (1910, Ақмола облысы, – ө.ж.б.) – Қарсақбай мыс қорыту зауытында 1928 жылы 19 қазанда алғашқы мыс алуға қатысқандардың бірі. 1930 жылдың ақпанына дейін металлургиялық цехта горновойдың шәкірті болды. Осыдан соң 1932 жылға дейін кіші горновой, 1933 жылдың 2 наурызына дейін аға горновой, 1939 жылдың 3 қарашасына дейін шарпу пешінде шебері болып істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары ауысым бастығы және шебері міндеттерін (30.06.1941—31.12.1947) біріктіріп атқаруды мойынына алды. 1948 жылы 1 қаңтарынан зейнеткерлікке шыққанша шарпу пеші бөлімшесінің аға шебері міндетін

Скачать книгу