Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 27
Жанпейісов Қозыкен
Жәкеева Сақып (05.11.1941, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) еңбек жолын 1960 жылы Қарсақбай мыс зауытының телефон станциясында телефонистка болып бастады. 1974 жылдан бастап байланыс машина қондырғыларын жөндеуші. 1986 жылы Жезді байланыс торабына электрмеханик болып жұмысқа қабылданды. Сол жылдары халық депутаттар Жезді аудандық Кеңесіне депутат болып сайланды. 1994 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жезқазғантүстімет» АҚ-нда еңбек етті. Еңбек кітапшасы еңбекте жеткен көрсеткіштері үшін берілген алғыстарға толы. Қ. Сәтбаев атындағы тау-кен комбинатының, Қарсақбай зауытының, «Жезқазғантүстімет» АҚ-ның басшылықтары Жакееваның еңбегін жоғары бағалап бірнеше грамоталар және алғыс хаттармен марапаттаған.
Жәкеева Сақып
Жезқазған кен-металлургия комбинаты – одақтық маңызы бар түсті металлургияның ірі кәсіпорыны. Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинаты Жезқазған мыс кен орнын игере бастады. Әуелде жаңадан іске қосылған мыс қорытатын зауытты мыс кентасымен қамтамасыз ету мақсат болса, Қ. Сәтбаев бастаған геологтардың Жезқазғанда Одақта теңдесі орасан мыс кені қорын ашуына байланысты Үлкен Жезқазғанның комбинатының құрылысын бастау күн тәртібіне қойылды. 1936 жылы құрылыс басталғанымен оның қарқыны мен көлемі өте мардымсыз болды. Тек 1938 жылы №31 және көмекші №32, қуаты одан күштірек «Покро-центр», «Петро-центр» шахталарының проходкасы құрылысы қарқын алып, 1940 жылы алғашқы өнімді берді. Уақытша Кеңгір плотинасы салынды. 1940 жылы Кеңес Үкіметі Үлкен Жезқазған құрылысын КСРО Ішкі істер министрлігінің ГУЛАГ-ына тапсырды.
Жезқазған мыс қорыту зауыты
Үлкен Жезқазғандағы орасан құрылыс және өндіріс істерін басқару, үйлестіру және өнім өндіру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді түрлері іздестірілді. 1958 жылы 16 шілдеде Қарағанды экономикалық әкімшілік ауданының халық шаруашылығы кеңесі Жезқазған кен-металлургия комбинатын құру туралы Жарлық шығарды. Комбинат құрамына Жезқазған кен басқармасы, Жезқазған мыс зауыты мен байыту фабрика, Қарсақбай мыс балқыту зауыты енгізілді. Бұл басшылықты орталықтандыруға, оны жедел және икемді жүргізуге мүмкіндік берді.
1992 жылы Жезқазған комбинаты «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. Комбинат 1986—1991 жылдары товарлы өнімді жоспарға қарағанда 11% көп өндірді. Таза пайда 967 млн рубль, немесе белгіленген межеден