Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 17
Дерек көзі: Профессор Ванюков. Қазақстанның мыс кені мен концентратын балқыту жолы. Металлургиздат. 1947. Москва. 184 бет. М. Сейтжанов.
Волошин Дмитрий Антонович (т.ж.б. – 1938, Қарағанды облысы, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай қалашығы) Спасскі зауытының қолынан өнері тамған токарі, қоғам белсендісі. 1919 жылы Қарағанды көмір ошағы ревкомының төрағасы болып сайланған. 1920 жылы 3 маусымда Сібір халық шаруасы кеңесінің Сібір тау-кен кеңесі Спасскі комбинатының басқарма төрағасы етіп сайлаған. 1926 жылы «Атбастүстімет» тресінің қарауына берілген Спасскі зауытының жұмысы тоқтатылып, консервацияға қойылды. Сол жылы жазда үйреншікті кәсібіне қайта оралғысы келген Спаскінің жұмысшылары үлкен көш-керуенмен Қарсақбайға келді. Күзге дейін алты пәтерлік алты шағын үй салып алды. Қалашықтағы шағын оралым ХХ ғасырдың 30—40 жылдары Спасскі көшесі деп аталатын.
Д. Волошин механикалық цехтың бастығы болып тағайындалды. Бұл цех жаңа құрылыстың аса маңызды телімі болды. Зауытта шетел машиналарының механизмдері және құрал-жабдықтарына қажет бөлшектер табылмайтын. Қосалқы бөлшектерді жасау, технологиялық агрегаттарды жөндеу «Волошин цехының» басты үлесі болды. 1930 жылы шілдеде зауытта болған «Советстепь» газетінің тілшісі Алдан Семенов мақаласында Дмитрий Волошинді, Өсербай Үдербаевты, Тихон Қазазаевты өндірістік майданның батырлары деп жазды. Цех тұңғыш рет Марси диірменінің үлкен шестерналарын қалыпқа келтіруді игерді, болттарды пресстеп шығарды, қажетке қарай құрамы әртүрлі металдан құймалар жасады. Цехта 5—6 жылда 50 астам қазақ жігіттері металл өндеуші мамандығын алды, еңбектің озық әдістеріне көзі қанық меңгерді. Д.А.Волошинді 1938 жылы 21 ақпанда цехтын ішінде «халық жауы» деген жалған жаламен тұтқындап, үйіне айдап әкелді. ІІХК-ының тергеушілері үйдегі барлық бағалы заттарды, неке жүзіктерін, сырғаларды, тіпті бүкілодақтық староста М.И.Калинин сыйлаған алтын шынжыр баулы қалта сағатты алып кетті. Осы жолы Д.А.Волошинмен бірге Спасскілік сегіз жұмысшы үштіктің шешімімен кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық және зиянкестік бүлдіру әрекеті үшін деген жалған айыппен Қарсақбайда атылды. Сталин өлгеннен кейін атылғандардың бәрі ақталды.
С. Қожамсеиітов.
Гетман Емельян Дмитриевич – Қарсақбай мыс қорыту зауытында конвертордың обер-шебері. Қарсақбайлықтардың көз алдында мыс пісіру технологиясының алдына жан түспеге шебер болып шықты. Ауылдан келген орыс баласы Қарсақбай комбинатына қара жұмыскер болып қабылданған. 1929—1930 жылдары дабыл қағушы, 1930—1932 жылдары әуелі кіші, бір жылдан кейін аға фурмовшы болып істейді. Содан конвертор шебері, обер-шебері, металлургиялық цех бастығының орынбасары, бастығы болып көтеріле берді. Гетман бастамасымен металлургтер бір тоқсанда шапшаң балқыма алу санын 120-дан 160-қа жеткізді. 10 жыл ішінде шарпу пешін сапалы жөндеуді ұйымдастырғаны, екпінді еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған, грамоталар