Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 18
Гулин Виталий
1920 жылы наурызда Сатка шойын қорыту зауытының басқарма төрағасы болды. 1926 жылға дейін Надежинскіде Богословск тау-кен зауыттық комбинатында басқарма төрағасының қызметін атқарды. 1923 жылы 9-шы Бүкілресейлік Кеңес съезінің делегаты болып сайланып, кейін «Госпромцветмет» тресінің басқарма төрағасының орынбасары болды. 1928 жылдың қаңтарынан Бастүстіметтің басшысы, КСРО халық шаруашылығы бүкілодақтық кеңесінің төралқа мүшесі. 1930 жылы шетел іссапарларында болып, Германия мен АҚШ-тың түсті металл өнеркәсібінің даму тәжірибесімен танысты.
1934 жылдың наурызынан Жоғары академиялық өнеркәсіп курстарының тындаушысы. 1935 жылы мамырда инженер-металлург дипломын алғаннан кейін Қазақстанға Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатына директор болып тағайындалды. 1938 жылы репрессияға ұшырады. Гулин 1939 жылы 11 қаңтарда Қарсақбайда тұтқындалды. 1939 жылы 29 шілдеде КСРО Жоғары соттың әскери коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58—8 бабымен 15 жылға түзету-еңбек лагеріне айдалды. 1957 жылы қарашаға дейін Магадан облысының түрмелері мен лагерлерінде отырып, ақталып шығып, өз туған жеріне оралды.
Далабаев Шенеу (1892, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы «Тайкеткен» ауылы – 1974, Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы) ағылшындар тұсында Қарсақбай мыс зауыты құрылысында бетон құюшы, теміржол цехында жөндеуші болып істеген. 1926—1938 жылдары Қарсақбай болаткомы төрағасының орынбасары, комбинаттың мал көлігі артелінің бастығы, ауатком төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. Одақтық маңызы бар комбинаттың құрылысына жұмысшыларды, материалдарды, құрал-жабдықтары Жосалыдан, Атбасардан, Спасскіден жеткізу үшін жұмысқа жүздеген кірешілер тартылған, 1500 бірішке (жүк арбасы), шаруалардан 3 мыңнан астам түйе жалданған. Сөйтіп, Далабаев басқарған кезде жылына ағылшындарға қарағанда жүк тасымалдау көлемін екі есе арттыру мүмкін болған. «Атбасартүстімет» тресінің басқарма мүшесі геолог Қ. Сәтбаев тұңғыш рет Қарсақбайға Далабаевтың көлігімен келген. Аудандық «Қызыл кенші» газетінің редакторы болашақ қазақтың белгілі ақыны Ә. Тәжібаев Кеңгір бойындағы ұжымшар төрағасы Далабаев «Мені Абайға жақындатып, оны сүйіп оқуға себепкер болды» деп жазды. Қ. Сәтбаев, И.В.Деев сияқты ірі тұлғалармен аралас-құралас, жолдас болған. Ұлытау ауданы ұйымдастырылғанда туған жеріне оралып, ұжымшар төрағасы, ферма басқарушы, бригадир болып еңбек етіп, аудан мал шаруашылығын дамытуға еңбек сіңірді.
Далабаев