Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов страница 10

Қарсақбай және қарсақбайлықтар - Сағындық Қожамсейітов

Скачать книгу

зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техникалық-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Жезқазған университетіне аты берілген.

      Байқоңыров Өмірхан

      Байманов Мұхамбет (1924, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай болысы, Қарсақбай кенті – 2001). 1939—1942 жылдары ұжымшар мүшесі. 1942—1945 жылдары ІІ дүниежүзілік соғысқа белсене қатысқан. Бірінші Украин майданында Харьков облысын, ІІ Прибалтика майданында Литва, Эстония, Латвия республикаларын азат етушілер қатарында болған. Рига қаласын жаудан босатуда көрсеткен ержүректілігі және тапқырлығы «Ерлігі үшін» медалімен атап өтілген. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін 1950—1980 жылдары еңбекшілер депутаттары Жезді кенттік атком төрағасы, Ұлытау ауаткомның бөлім меңгерушісі, Жезқазған банкілерінде қызметкер. І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, 10 медальмен марапатталған».

      Байманов Мұхамбет

      Менің әкем жайлы «Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедиясында осындай ақпарат басылған екен. Батыр, епті, алғыр кісі болған. ІІ Прибалтика майданының құрамындағы саперлер бөлімшесінде өмір мен өлім арасында жүріп, жауынгерлік міндетін мінсіз атқарған. Осыны бағалаған дивизия командирі оны 1944 жылы 14 желтоқсанда Москва қаласында екі жылдық офицерлер курсына жібереді. Осы жылы әскери-техникалық мектепке оқуға қабылданады. Үздік оқиды, қатаң тәртібімен көзге түседі. Кеңес әскерінің офицері болуды армандаған. Мектеп бастығы генерал-майор Медведов Отан үшін қанын төккен жауынгерді Москвада 1945 жылы 24 маусымда өткен Жеңіс парадына қатысуды ұсынған. Осылай Ұлытау өңірінен Жеңіс парадына қатысқан жалғыз жауынгер болу бақытына ие болды.

      Мен әкемнің алпыстан асқан шағында дүниеге келген екем. Атымды Аңсаған қойыпты. Балалық шағымда мойынына мінгізіп, еркелетіп өсірді. Мен де әке жолын қуып, тәуелсіз Қазақстанның әскері қатарында болуды мақсат еттім. Қазір ұлттық гвардияның құрамында қызмет етемін.

      Аңсаған Мұханбетұлы, аға лейтенант.

      Баймендинов Ермағамбет (1895, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Кеңгір болысы—ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытындағы еңбек жолын 1930 жылы құрылыс цехында қара жұмысшы болып бастаған. 1933—1934 жылдары металлургиялық цехта вагонет жылжытушы болып еңбек етті. 1934—1935 жылдары кен бұзушы болды. 1935—1937 жылдары горновой, ал 1937—1952 жылдары аға горновой болып еңбек етті. 1952—1954 жылдары Қарсақбай темір жолына қазаншы болды. 1954 жылы өз еркімен күрделі құрылыс бөліміне жұмысшы болып ауысты. 1956 жылы 31 мамырда ІІ топ мүгедектікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған. Е. Баймендинов өзін адал және білікті жұмыскер

Скачать книгу