БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!. Нарша Булгакбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар! - Нарша Булгакбаев страница 6

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар! - Нарша Булгакбаев

Скачать книгу

Мен мұндай дәлелді жалғастыруды, кеңес ретінде қабылдауды ұсынбаймын, мен жай ғана былай деймін: сіздің қателесуге құқығыңыз бар, қателік пен күнәсіз адам толық бақытты бола алмайды, бұны жоққа шығару – надандық.

      Бұрын қандай қателіктер жасасаңыз да, олар сіздің тәжірибеңіздің маңызды бөлігіне айналды. Оларды миыңызды қозғау және өмірді қайтадан бастау мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз: бірінші рет сәтсіздікке ұшырағаныңыз үшін қалаған арман-мақсаттан бас тартпаңыз және бастағаныңызды тоқтатпаңыз, берілмеңіз. Сіздің өміріңіздегі кез-келген қателік сіздің қазіргі түсініңігіңізді қалыптастырды. Қателеріңізге батаңызды беріңіз, олар сізді адам қылды. Олардың тәлім-тәрбиесі үшін рахмет айтыңыз. Есіңізде болсын: қателік пен күнәнің басты мақсаты сіздің миыңызды қозғау және жаңа өмір бастауға тағы бір мүмкіндік беру.

      Әрине, сіз менің кітабымды оқығаннан кейін де қателіктер жібересіз, бірақ сіз әрқайсысында үйренесіз, тәжірибе аласыз.

      Пешенеге жазылған, қайтпайтын, тойтарылмас, жеңуге келмейтін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оларға өзіңіз ондай мүмкіндік бермесеңіз. Қайталана беретін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оған өзіңіз жол бермесеңіз. Сіз фатализмға (тағдырмен шешілгенге) құл болмайсыз, егер ақиқатқа сай өз тағдырыңызды өзіңіз жаза білсеңіз.

      Сәттілік немесе сәтсіздік көрегендікке байланысты

      Сіз өз ой-пікіріңіз бойынша әрекеттеріңізді сәтті немесе сәтсіз деп бағалайсыз ба? Менің ойымша, біздің өміріміздегі сәтсіздіктердің көпшілігі біздің өзімізге деген, дүниеге деген, басқа адамдарға деген, Жаратушыға деген көзқарастарымыз бен ой-пікіріміздің салдары. Адам, сәттілікке, табысқа жете алмайды, егер адам оған сенбесе және сенімді болмаса. Себебі, батылдық пен сенімге ие адамдар үшін, жол әрқашан ашық болып көрінеді. Бұл дегеніміз жеңіске, табысқа, сәттілікке деген дұрыс көзқарас пен ой-пікір, оның рухани күш-қуатын, ішкі үстемдік пен артықшылық сезімін арттырып, осы өмірде ғажайыптар мен кереметтер жасауына ықпал етеді. Егер сізде дұрыс көзқарас пен ой-пікір жоқ болса, онда неге оны дәл бүгіннен бастап қалыптастыруға кіріспеске?

      Күрделі жүйемен қалыптасқан, біздің үнемі өзгеріп отыратын өмірде, айналамызда әрекет ететін әр түрлі сыртқы факторлар бар және біз кейде өмірімізді, жағдайымызды осы сыртқы факторлар басқарады деп айқайлағымыз келеді. Алайда ақиқатында, біз сол өмір мен жағдайды өзіміз ұнатып таңдаған едік, салдарынан біз таңдаған нәрсені ғана жасаймыз, себебі өмірдің бәрі таңдау, сәттілік пен сәтсіздікте. Егер біз белгілі бір жолды таңдағымыз келмесе де, ақыр соңында біз оны таңдаймыз, өйткені бұл бізге ең аз ішкі қарсылық көрсететін жол сияқты көрінеді. Біз оңай және жеңіл жолмен жүргіміз келеді, бірақ болашақта бұл бізге қолайсыздық пен қиындық тудыруы мүмкін екенін білсек те. Бізге әрдайым шешім қабылдау керек болады: іскерлік мәселелерде, отбасылық қатынастарда, күнделікті тұрмыс-тіршілік әрекетімен.

Скачать книгу