БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!. Нарша Булгакбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар! - Нарша Булгакбаев страница 7

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар! - Нарша Булгакбаев

Скачать книгу

күштеріңізді әмбебап, бәрін сіз үшін жасап беретін бейсанамен байланыстырыңыз және сіз супер тұлғаға айналасыз. Тырысыңыз. Сіз өзіңіздің өміріңіздегі кез-келген проблеманы шешудің кілтін тапқаныңызды білетін боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл дегеніміз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз! Тағы да қайталауға рұқсат етіңіз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз. Кез-келген жағдайда сәттілік, жеңіс алдымен сіздің ойыңыздан басталады. Мақсат, шын өмірде орындалмай жатып, қиялында нақты, анық көре білу қабілеті барлық адамда бар, бірақ тек олардың оннан бірі ғана оны қолданады, пайдаланады, ал сіз сол қабілетті дамыта алсаңыз сіздің кез-келген мақсаттарыңыз орындалады және сіз оған оңай әрі жеңіл жете аласыз.

      Жол саласыз ба әлде қабырғалар тұрғызасыз ба?

      Сіз өзіңізді жол салушы немесе қабырға құрушы ретінде қарастырасыз ба? Біздің әрқайсымыз өмір бойы не жолдар саламыз не қабырғалар тұрғызамыз. Сіз өзіңізді қалай қабылдайсыз? Мен бір қысқа өлең таптым, онда бұл тақырыпты қарапайым және керемет түсіндіреді:

      «Үлкен жолдарды Егемен Рим салған, Адамдарды байланыстыру үшін, Сонымен қатар қабырғалар тұрғызған, Ажыратып, бөліп, қорғау үшін, Ғасырлар бойы, адам құмарлығынан, Барлық қабырғалар құлады, Бірақ жолдар қалды.»

      Сіз басқа адамдармен кездесіп, олармен ақыл-ой бөлісе алатын жолдар, қарым-қатынас жолдарын саласыз ба? Немесе сізді басқалардан бөлетін, ажырататын, қорғайтын ақылыңызда қабырғалар тұрғызасыз ба? Менің ойымша, қабырға құрылысына кететін барлық материалдар мен күш-жігер босқа шығын сияқты, бұның барлығы еңбек пен уақытты ысырап етеді, өйткені бұл қабырғалар бәрібір құлайды.

      Ақиқат мынада, біз бүкіл адамзатпен рухани бірлікке ұмтылуы тиіс Жаратылыстармыз және басқа адамдардан бөліну, ажырау үшін салынған әлсіз қабырғалар ешқашан ұзақ тұрмайды. Бірақ жолдармен басқаша. Сізді адамдармен байланыстыратын жолдар саласыз ба? Дәл адам ағзасындағы екі жақты миға баратын артериялар сияқты, сіздің күнделікті іскерлік және рухани-әлеуметтік өміріңізге қажет. Сізде мұндай қарым-қатынас бар ма? Сіз адамдармен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Менің айтарым рухани, отбасылық, туыстық байланыстар әдеттегі іскерлік байланыстардан жоғары.

      Эмпатикалық тыңдау және эмпатикалық әдіс туралы естіп пе едіңіз? Эмпатияның тыныш бульварлары туралы естіп пе едіңіз? Сіз эмпат адам болғыңыз келе ме? Бұл эмпатия қабілетін дамытқан адам. Сіз Жүректен жүрекке жол саласыз ба, өзара түсіністік жолдары, бақытсыздық пен қайғыға деген жанашырлық жолдары. Сіздің рухани жағдайыңыз ынтымақтастықтан басталады ма? Сіз осындай көшелер немесе махаббат пен түсінудің тыныш аллеяларын (саяжолдарды) саласыз ба, хош иісті, ақ гүлді ағаш акацияларға (қарағандарға) толы? Оларды сөзбен көпіртудің қажеті жоқ. Олар күлімсіреу, жұбату және бұл көріністер ағаш жапырақтарымен жабылған:

Скачать книгу