Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Адвокатпен сұхбат - Тайыр Күзекұлы Назханов страница 14
ДАНИЯЛ – Яғни, санкциясыз ба?
ТАЙЫР – Иә, әйтпесе күдікті айғақтарды жойып жіберуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлар кейіннен тергеу судьясының бақылауын қажет етеді. Егер судья оны жүргізу кезінде заң бұзушылықтарды таппаса, онда бұл тінту және оның нәтижелері дәлелді мәнге ие болады.
ДАНИЯЛ – Егер бірнеше күдікті болса ше?
ТАЙЫР – Әрине, әрбір тінту бөлек келісілген болу керек. Бірақ, әрине, іс жүзінде тергеу, тіпті тінту бірнеше жерде жүргізілуі керек болса, оның бәрі бір уақытта жүргізілгені дұрыс.
ДАНИЯЛ – Неге?
ТАЙЫР – Егер, бүгін қылмыстық қоғамдастықтың бір мүшесінде тін- ту жүргізіп, басқаларын «кейінге қалдыруды» шешсеңіз, онда олар бір- бірін ескертіп үлгереді және, тиісінше, қылмыс құралдарын және басқа да заттай айғақтарды жасыра немесе олардан мүлдем құтыла алады. Тінту жүргізу фактісінің өзі де мұқият құжаттадырылуы, ал хаттама тінту жүр- гізілген адамға табыс етілуі тиіс.
ДАНИЯЛ – Ал, мұндай қиындықтар не үшін керек?
ТАЙЫР- Өйткені, бұл тінту жұмыстары кейіннен шағымдалуы мүм- кін. Сондықтан, тергеушінің қолында оның әрекеттерінің толық заң- дылығын растайтын ресми құжат болуы керек.
ДАНИЯЛ – Есіме О. Джей Симпсонның әйгілі оқиғасы түсті..
ТАЙЫР- Ол жерде сәл өзгеше оқиға болды, бірақ сіздікі дұрыс. Тінту кезінде бір нәрсе «дұрыс ресімделмесе», нәтижесінде ауыр қылмыс жа- саған адам жазадан құтылып кетеді.
КӨЗБЕ-КӨЗ
ДАНИЯЛ – Мүмкін, көзбе-көз кездесулер де тергеуші өнерінің маңы- зды бөлігі болып табылатын шығар?
ТАЙЫР – Сөзсіз. Және де олар заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілуі керек.
ДАНИЯЛ – Мүмкін, ол жерде процеске қатысушылардың жеке қа- рым-қатынасы айқын көрінетін шығар?
ТАЙЫР – Әрине, көзбе-көз кездесу жеке қарым-қатынастарды нақты- лау үшін өткізіледі деп ойлау қателік болар еді. Көзбе-көз кездесу, бы- лайша айтқанда, екі адамның айғақтары арасындағы айырмашылықтар, келіспеушіліктер болған жағдайда қажет. Бірақ бұл жерде жеке қатына- стар, ұнату-ұнатпау сияқтылар шынымен де жарыққа шығуы мүмкін деп дұрыс айтасыз. Сондықтан да, оның қатысушыларына көзбе-көз кездесу алдында…
ДАНИЯЛ – Яғни, араларында келіспеушіліктер туындаған адамдарға ма?
ТАЙЫР – Сондықтан да, көзбе-көз кездесу алдында олардан бір- бірін тани ма, жоқ па деген жауап алынады. Егер «иә» деген жауап болса, онда келесі сізді қызықтырған: олар қандай қарым-қатынаста деген сұрақ қойылады?
ДАНИЯЛ – Айғақтардағы сәйкессіздіктер туралы сөз болғандықтан, ең алдымен, қандай да бір дұшпандық қарым-қатынастың, жанжалдың, түсінбеушіліктің бар-жоғын білу керек шығар?
ТАЙЫР – Өкінішке орай, кейбір адамдар, егер олардың «досы» терге- уге түссе, онда бұл онымен есеп айырысудың қолайлы жолы деп санайды. Яғни, оған жала жабу немесе оны ақтайтын жағдайларды