Сана болмысы. Ғарифолла Есім
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Сана болмысы - Ғарифолла Есім страница 14
Ассамеблея халық бiрлiгiне қызмет ететiн қоғамдық институт, жоғарыда халық бiрлiгi – қоғамға тiкелей қатысты дедiк. Ретi келген соң айта кетелiк, ха-лық бiрлiгi мемлекет пен қоғам арасындағы сансыз қатынастар үндестiгiне қатысты. Социализм кезiнде де мемлекет және қоғам дегендер болды, мысалы, бiз социалистiк мемлекет және социалистiк қоғам дейтiнбiз, бiрақ бұлардың сапалық айырмашылығы болмайтын, қоғамның дербестiгi жоқ болды десе де болады, себебi қоғамдық ұйымдар: партия, комсомол, кәсiподақ, т. б. мемлекеттiк негiзде болатын. Қоғамның дербестiгi болмады, яғни ол қоғамда демократиялық үрдiстер және жеке адам еркiндiгi болмады деген сөз. Мемлекеттiк идеологиядан тыс қоғамдық ынта болмайтын, өйткенi бар iстi мұқият қадағалаушы коммунистiк партия, ал ол сол кездiң Конституциясы бойынша басқарушы билiктi атқарушы едi. Сондықтан социализм заманында мемлекет пен қоғам бiр болды. Қазiргi көзбен қарасақ, оның жақсылығы да, жамандығы да болды, әсiресе соңғысының мол болғандығынан социализм өзiн-өзi күйретуге апарып соқтырды.
Нарықтық қатынастар мен тәуелсiздiк жағдайына жағдай түбiрiмен өзгеше. Қоғамның мемлекеттен дербестiгiнiң мүмкiн болуы бұл елдiктiң кемелденуiнiң заңдылығы десек те болғандай, ендiгi жердегi мәселе, осы қарқыннан мемлекеттiк құрылымдардың қалып қоюы қауiптi. Ол қауiптiң мәнiсi мемлекеттiң қоғам дербестiгiне бөгет, тежеушi күш болуынан аңғарылмақ. Мемлекет пен қоғам арасындағы осы заңдылықты дер кезiнде көре бiлген Президент өткен жылы Конституцияға өзгерiстер енгiзуге ұсыныс жасап, оны парламент қолдап, қоғамдағы демократиялық үрдiстердi одан әрi жетiлдiру мақсатында қоғам өмiрiнде саяси күш ретiнде партиялық жүйе енiп, қалыптасты. Партия – қоғамдық ұйым, ол әкiмшiлiк емес. Партия – қоғам дербестiгiнiң