Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.). Қ. Жұмағұлов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.) - Қ. Жұмағұлов страница 12

Еуропадағы түркі әлемі: авар тарихы (VІ-VІІІ ғ.) - Қ. Жұмағұлов

Скачать книгу

шын мәнінде Тянь-Шань тау қыраттарының сол жақ жағалауын мекендеген. Олар 552 ж. Бумын қағанның жерлеу рәсіміне жеке мемлекеттің өкілдері ретінде қатысқан. Яғни бұлар жужандар болуы мүмкін емес, себебі олар түркілермен жаугершілік қатынаста болды. 555-556 ж. абалар түркіттерден жеңіліп, Іле өзені бойын мекендеген, Сәнби тайпасының мукри деп аталатынына жартысы қашқан, ал қалғаны Тауғастқа Батыс империясы Вейиге бет алған.

      585 ж. аварлар түркілерге қарсы шығып, Далобян ханының қонысын күйретеді, 603 жылы теле тайпасымен аварлар қосылып, Дяньғу Бұға-ханына қарсы шығып, көтеріліске қатысқан, одан кейін олардың іздері жоғалып, олардың көшіп-қонған жеріне түргештер пайда болды. Түргеш қағанатының ішкі қатынастарына анализ жасау барысында аварлар түргештердің компоненттері болған. Этникалық жағынан аварлар теле тобына да, Шу тайпасы хундардың тұқымдарына да жатпайды. Бірақ олар эникалық қабат болған дейді. Қытай географы Бичурин еңбегінде («Собрание сведений… ІІІ кітабында) аварлардың әлеуметтік тарихы жөнінде мәліметтермен шектеледі. Мәселен, V ғасырда Жоңғарияда олар гаогюлердің қысымымен одан бұрынырақ Жетісудың батысын қоныстанған. 461-465 ж. оңтүстік Сібір тайпаларына үрей туғызған, олардың жаулары мұхит маңайында өмір сүрген. Шамасы эфталиттер болуы мүмкін, себебі V ғ. Бактриядан солтүстікке басқыншылықтарын бастап 470 ж. Тянь-Шаньға, 496 ж. Балхашқа дейін жеткен. Олар жайында алғаш дерек Аммиан Марцеллинде кездеседі. 356-357 ж. ІІ Шапур (309-379 ж.) Иранның шекарасын әрең ұстап тұрған. Ал 539 ж. Хиониттердің патшасы Грумбат енді амидтік Иран шахының одақтасы ретінде жорыққа шығады, сол кезде Аммиан Марцеллиннің көзінше оның баласы қаза тапқандығы жайында деректе келтіріледі. Қытай деректерінде «Хундар» – Судэ – Соғды еліндегі хиониттер жайында хабарлап, қытайлықтар оларды билеген дейді. Кейінірек хиониттер деп парсылар қытайға бағынған түркілерді айтып, оларды «кермихион» (черви-хиониттері) атаған. Византиялық Феофонның хабарлауынша, 563 ж. Константинопольге аварлар арасында мұхиттың маңайын мекендейтін, кирмахиондардың елшілігі келген дейді. Бұл жерде мәселе аварлар жерінде Арал – Каспий жазығындағы түркіттер жайында болып отыр дейді М.И. Артамонов [2, с. 515]. Мұхит деп Каспий теңізінің Арал теңізімен бұғаздар арқылы орналасқандығы айтылса керек.

      Аварлардың айқындалған дәстүрлі тарихы бар, оның бір бөлігі – хундар немесе хиониттер бірнеше уақыт бойы соғдыларды билеп, Иранмен тығыз байланыста болған. Ф. Симокатта угорларды былайша суреттейді: олар көп халық, олардың біраз ғана бөлігі уар (вар) және хундар (хиониттер) түркілерге бағынғылары келмегендіктен, батысқа Еділ өзенінің арғы жағына көшіп кетеді де, өздерінің аварлар, яғни еуропалық аттарын иемденеді деп жазады.

      Түркілер эфталиттермен соғысып жатқандықтан, аварлардың ізіне түспеді, бұл мәселе жайында Менандр былай дейді: «түрік билеушісі Силзивул аварлардың қашып кеткенін естіп, варварларға тән қатыгездікпен сөйлеген. Олар естерін жинап жан-жағына қарап алсын дей келе: «Аварлар

Скачать книгу