Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов страница 15

Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов

Скачать книгу

арқылы сот шешіміне жанама жолмен қарсы болу.

      ATTAINDER

      мүлкін тәркілеп, оны иелену құқығынан айыру (өлім жазасына кесілген кезде немесе заңнан тыс деп табылғанда).

      ATTAINOR

      үлкен алқа билер алқасының мүшесі.

      ATTAINT

      1. мүлкін тәркілеп, оны иелену құқығынан айыру (өлім жазасына кесілген кезде немесе заңнан тыс деп табылғанда); 2. қылмыс жасағанды ашып мойнына салу; 3. үлкен алқа билер кіші алқа билер алқасы заңсыз шешім шығарған кезде істі қайта қарауы; заңға қайшы шешім шығарған алқа билер алқасын айыптау.

      ATTEMPT

      1. әрекет, талпыныс; қастандық жасау; 2. әрекет ету, талпыныс жасау; қылмыс жасауға әрекет ету; ~ at legal suicide заң бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет ету; ~ to commit a crime қылмыс жасауға әрекет ету.

      ATTEND

      қатысу; ~ing circumstances жалғаспалы жағдайлар.

      ATTENDANCE

      келу; сотқа қатысу; compulsory ~ сотқа еріксіз, ықтиярсыз қатысу; voluntary ~ өз еркімен сотқа келу.

      ATTENDANT

      1. соттағы қорғаушы; 2. еріп жүретін тұлға.

      ATTENUATE

      кінәсін жеңілдету.

      ATTERMINE

      қарызды төлеуді кейінге қалдыру.

      ATTEST

      куәландыру, бекіту, сендіру.

      ATTESTANT

      қол қою арқылы куәландыратын тұлға; куәландырушы.

      ATTESTATION

      1. қолды, құжатты куәландыру; 2. куәгерлік түсінік; куәгерлік түсінік беру; ~ of will өсиетті, мұраны куәландыру; ~ of a witness куәгерлік түсінік беру арқылы куәландыру; notarial ~ нотариальдық куәландыру.

      ATTESTED

      расталған; ~ copy расталған құжат көшірмесі.

      ATTESTOR

      куә; бір нәрсені растайтын адам.

      ATTORN

      1. сену; бір нәрсені тапсыру; 2. жаңа меншік иесін жалға беруші ретінде мойындау; жаңа меншік иесіне жалға беру мерзімін созуға келісім беру.

      ATTORNEY

      1. атторней; өкілетті; сенімді; 2. соттағы сенімді адам; қорғаушы;

      3. прокурор; ~ at law адвокат; ~ for the government/for the prosecution кінә тағушы; ~ in fact сенімхат бойынша әрекет етуші тұлға; by ~ сенімхат бойынша; defense ~ қорғаушы; general power of ~ жалпы сенімхат; letter/power of ~ сенімхат берілген құжат; private ~ сенімхат бойынша әрекет етуші тұлға.

      ATTORNEYSHIP

      мәртебе, сенім білдірілген қорғаушының мәртебесі.

      ATTORNMENT

      1. жалгердің қозғалмайтын мүліктің жаңа иесін жалға беруші ретінде мойындауы; 2. жалгерлікті қозғалмайтын мүлікпен бірге беру.

      ATTRACT

      тарту, қызығушылықты арттыру; ~ funds қорларды тарту.

      ATTRIBUTE

      1. атрибут, қасиет, ерекшелік, белгі; 2. қасиет тағу;

      3. ерекшелік белгісі; ~d author шығарманың болжамды авторы.

      ATTRIBUTION

      1. билік, өкімет; 2. құзыр; 3. атрибуция.

      AUCTION

      1. аукцион; қоғамдық сатылым, сауда; 2. аукционда сату ~ by tender жабық сауда; ~ without reserve соңғы баға аукционы; mock ~ жалған аукцион; аукционға

Скачать книгу