Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 28

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

Адамның, жануардың беті қарап тұрған жақтан бастап оқу керек екені байқатылған. И. жазуының екі түрі болған: 1) иератик (гиератик) жазу – папирусқа жазудан пайда болған жазу үлгісі, бұл кейін тек діни жазуға айналған; 2) демотик жазу – иератиктен дамыған тез жазу, мұнымен іс қағаздары, көркем шығармалар жазылған, ертеде шыққан кітаптар көшірілген, сондықтан да ол халықтық жазу деп аталған.

      ИКОМ – Халықаралық музейлер кеңесі, (ағл.: International Council of Museums, ICOM) – мемлекеттік, үкіметтік емес 1946 жылы құрылған әлем музейлерінің қызметкерлерін біріктіретін кәсіби халықаралық ұйым ИКОМ БҰҰ ЮНЕСКО жанындағы Экономикалық және әлеуметтік кеңес жоғары «А» категориялық конституциялық статусын иеленген. ИКОМ – әлем елдеріндегі өткен және бүгінгі дәуірдегі материалдық және материалдық емес құндылықтарды, табиғат ескерткіштерін, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтап, музей мен оның қоғаммен байланысын арттыратын, музейлер және музей қызметкерлерінің халықаралық ұйымы. ИКОМ өз мүшелерінің жарнасы арқылы қаржыландырылады және ЮНЕСКО-ның қолдауына ие. ЮНЕСКО-ның музейлерге қатысты бағдарламаларының тікелей іске асуына қызмет етеді. ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде ИКОМ секретариаты орналасқан. ИКОМ-ға қазіргі таңда 165 елден 30000 жекеменшік ұжымдар, 27 халықаралық ассоциация мүше, ұйымның ресми сайты . ИКОМ жарғысына сәйкес оның міндеттері мен мақсаттары: әлемнің барлық елдерінде музей ісінің дамуына үлес қосу; құндылықтарды сақтау, құндылықтарды заңсыз сатумен күрес жүргізу; музей қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында білімдерін жетілдіру; музейлер мен музей қызметкерлеріне кәсіби көмек көрсету; әлем музейлері арасында бір-бірімен кәсіби қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасуын жүзеге асыру.

      Әдеб.: Коссова И.М. Международный совет музеев (ІСОМ) и его роль в укреплении взаимодействия: Сборник трудов творческой лаборатории «Музейная педагогика» кафедры музейного дела Академии переподготовки работников искусства, культуры и туризма МКРФ. М., 2001.

      ИМИТАЦИЯ (лат. imitatio – ұқсау, еліктеу) – музей ісінде материалдық емес мәдениетті, ұлттық салт-дәстүрлерді, қолөнер шеберлерінің әдіс-тәсілдерін адамдар көмегімен көрсету. Мысалы, қолөнер жәрмеңкесін, шебер-сыныптарын, ұлттық киімдер сән шеруін, т.б. ұйымдастыру. Сондай-ақ музей экспозциясы тақырыбын, көрме мазмұнын ашу үшін құстар, жан-жануарлардың тірі дауыстарын, табиғат құбылыстары, яғни теңіз шуылын, боран соғудағы, найзағай ойнағандағы дауыстарды пайдалану. И. – ны музей ісі саласында «тірі экспозиция» деп те атау қалыптасқан. Этнографиялық және этнографиялық бөлімі бар тарихи музейлер бағытына сәйкес келеді. Мыс., ҚРМОМ-де мерекелік күндерге орай ұйымдастырылатын «Орта Азия қолөнер шеберлері» жәрмеңкесі аясында қолөнер шебер-сыныптары мен ұлттық киімдер сән шерулері өтеді.

      ИНКРУСТАЦИЯ (лат. іncrustatіo – қабыршақпен көмкерем) –бұйымдар мен ғимараттардың қабырғаларын безендірудің бір түрі, И. заттың бетіне басқа түсті сол

Скачать книгу