Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 30
Әдеб.: Словарь античности. М.: Прогресс, 1989.
КАПОДИМОНТЕ МУЗЕЙІ – Неапольда орналасқан. Фарнезе әулеті коллекциясы негізінде 1738 жылы архитектор Джованни Антонио Медрано жобасымен салынған король Обейх Сицилидің жаздық резиденциясында құрылған, көпшілік үшін 1787 жылы ашылған. Музейде Геркуланум және Помпей қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар, 18 ғ. қолданбалы өнер туындылары, гобелендер, қола, алтын бұйымдар, қарулар, фарфорлар, Каподимонте фабрикасынан шыққан мойоликалар, көне тарихи бұйымдар экспозицияланған. Сондай-ақ Тицианның 9 полотносы, Симон Мартини, Микеланджело да Караваджо, испандық Хусеп Рибер жұмыстары құндылықтар қатарында.
КАРЛСРУЭДЕГІ КУНСКАЛЕ – 1846 жылы Баден графтарының коллекциясы негізінде құрылған ең көне өнер галереясының бірі. Ғимараты архитектор Генрих Хобша жобасымен салынған. Музейде 14-20 ғ. – лар аралығында салынған 800-ден астам туынды бар, олардың қатарында солтүстік қайта өркендеу (Ганс Балдунг Грин, Ганс Леонард Шейфелейн, т.б.), барокко дәуірінің фламан шеберлері (Якоб Иорданс, т.б.), неміс романтиктері (Юлиус Шнорр фон Карольсфельд, Фридрих Овербек, Мориц фон Швинд, т.б.) туындылары бар. Көп жылдар осы Кунскаленің директоры қызметін атқарған Ганс Томның, сондай-ақ 20 ғ. неміс өнері туындылары сақталған. Музей қорындағы мыс гравюралар саны 80000 данадан асады.
КАРРАР АКАДЕМИЯСЫ – Бергамо қаласында орналасқан. Каррар академиясы Италиядағы өнер туындыларының бай коллекциясын экспозициялап отырған ірі музейлердің бірі. Галерея 1793 жылы граф Джакомо Каррардың коллекциясы негізінде ашылған. 1810 жылы Симон Элидің жобасымен арнайы галерея үшін неоклассикалық үлгідегі ғимарат салынған. Музей жанынан арнайы бөлек ғимаратта ашылған өнер мектебі 1988 жылы Академия болып қайта құрылған. Музей қоры ашылған күннен бастап сатып алу мен сыйға тарту нәтижесінде толығып келеді. Қазіргі таңда музей қорында 1800 көркемсурет полотносы, мүсін, гравюра, сурет, жиһаз, қола бұйымдар, медальдар коллекциясы бар. Көркемсуреттердің негізгі дені 15-19 ғ. – ларға саятын итальян шеберлерінің туындылары, атап айтқанда, Лоренцо Лотто, Эваристо Баскенис, Джованни Морини, Каналетто, Антонио Пизанелло, Сандро Боттичелли, Андреа Матиньи, Рафаэль, Джованни Баттиста Тьеполо жұмыстары бар. 1991 жылы Каррар академиясына Қазіргі заман галереясы қосылған, ғимараты қарама-қарсы орналасқан. Бұл галерея экспозициясы 10 залдан тұрады, онда 20 ғ. – дағы итальян және шетел шеберлерінің жұмыстары қойылған, олардың қатарында Умберто Боччони, Джакомо Балла, Джорджо Моранди, Василий Кандинский, Джакомо Манцу жұмыстары бар.
КАСТЕЛЛО СФОРЧЕСКО – Миланда орналасқан. Кастелло Сфорческоның 15 ғ. – да арнайы тапсырыспен салдырған ғимаратында орналасқан бұл музейде өнер туындыларының бай коллекциясы сақталған. Музей экспозициясын жасауға Донатто Браманте, Микеланджело