Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 33

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл обл.), Бұғытас қорымында (Шығ. Қазақстан обл.) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі К-ден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар К-ні айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 – 3 ғ-лар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады. К. өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше К. шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қ-нан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғ-лар) және Сарайшық қ-нан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді. Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: «Сырымбет» (1850), «Сартайдың портреті» (1856), «Шақырым бағандары» (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В.Штернберг («Түйе», «Киіз үй тұсындағы көрініс»), А.Горнович («Ақмешітті алу»), А.Чернышев («Қазақтардың көші», «Қонып жатқан қазақтар», т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып («Аңшы қырғыз (қазақ)», «Лепсі даласындағы таулар», т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты «Байғұстар», «Киіз үйде», «Мемлекет жұдырығы» деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ К. мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ К. өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты.

Скачать книгу