Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 37
КОНТЕКСТ (лат., contextus – мәтін, байланыс) – лингвистикада жазбаша немесе ауызша мәтіннің мағыналық фрагменті болып табылатын бұл ұғым музей iсiнде жалпы мәдениеттi, ғылыми, коллекциялық, экспозициялық тетiктерiн түсiну үшiн немесе музей нысандарының құндылығы үшін қажет таным. Музей мәтінінің нақтылығы музей нысандарын түсіндіруде маңызды рөл атқарады. Мәтiн мен контекстінің қарым-қатынасы музей интерпретациясының негізі болып саналады.
КОНСЕРВАЦИЯ – өнер туындыларын, археологиялық жәдігерлер мен кітап және архив құжаттарын ұзақ мерзімде сақтау. Консервациялау температураны бірқалыпты ұстау, ауаның дымқылдығын, желдеткіш пен жарықты дұрыс пайдалану, шаң-тозаңнан, шыбын-шіркейден таза ұстауды қамтамасыз ету, т.б. шараларды қамтиды, оған әртүрлі сақтық жабулар мен заттың төзімділігін күшейтетін арнаулы қосындылармен қанықтырылған жапқыштар пайдаланылады. Қазақстанда Арыстан баб, Бабажы қатын күмбездері , т.б. ескерткіштер консервацияланды.
Ірі музейлерде тоқыма, мақта-мата бұйымдарды консервациялау, реставрациялау ісі арнайы бөлім ретінде жұмыс жасайды, мұндай бөлімдер маталардың құрлымын сараптамадан өткізу, сондай-ақ маталарға сараптама және консервация жұмысын қамтамассыз етеді. Қағаз, жібек және басқа да материалдармен жұмыс жүргізілген кезеңде сапаның жоғарылығы үлкен роль ойнайды. Мысалы, жібек мата, тоқыма әдістер, оюларды бейнелеудегі техника. Қағаздарға су тиген жағдайда олармен дұрыс айналысу қажет. Бүлінген қағаздар мен құжаттарды кептіру үшін жоғары және төмен температуралық кептіру әдістері зерттелінеді. Гугунь Патша сарайы музейінде Консервация бөлімінің іс-тәжірибесі музей ісінде танымал. Гугуннің Консервация бөлімі 1969 жылы қаланған болатын, бұл бөлімнің тарих, өнертану, жер туралы ғылым, физика, химиялық технология, зоология, ботаника, биохимия және информатика деген салаларға бөлінуі музейдің