Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 34

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ – Картиналар галереясы, Аспалы жолдар музейі, Тау ісі зауыты, Альпі бағы музейлер кешенін қамтитын, әрі бұл музейлерді туризм орталықтарында орналастырған, туризм коммуникациясын қоса дамытып отырған мекеме. Қала тұрғындарының тарихи дәуірлердегі мәдениетін, қолөнерін, ауылшаруашылығы құралдарын, киімдер тарихын, тұрмыстық бұйымдарды насихаттауға бағытталған. Картиналар галереясы Тау шаңғысы курортында орналасқан, экспозициядан атақты австриялық суретші-модернист Альфонс Вальде жұмыстарын тамашалауға болады. Аспалы жолдар музейі Китцбюэль қаласының тау-кен ісі мен тау шаңғысын дамыту жолындағы тарихын экспозициялайды. Тау ісі зауыты Китцбюэльдің құнды тарихи мұрасының бірі, зауыт 1447 жылдан 1926 жылға дейін жұмыс жасаған, Альпі тауының етегіндегі ірі кен өндіру орны болған, 1990 жылы музей ретінде қайта қалпына келтірілген. Альпі бағы – теңіз бетінен 1800 м. биіктікте орналасқан, ланшафттық дизайндағы Альпі тауында өсетін 120 гүлді қамтитын «тірі табиғат галереясы».

      Әдеб.: Калугина Т.П. Художественный музей как феномен культуры. СПб., 2008.

      КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР, тар мағынада – ежелгі дәуір өнері, яғни Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде өркендеген мәдениет туындылары; кең мағынада – әр түрлі елдердің мәдени гүлдену кезеңдеріндегі мұралары. К. ө. туындылары ұзақ (мыңдаған жылдар бойы) уақыт бойы өз құндылығын сақтайды, басқа мәдениеттің туындап өркен жаюына үлкен ықпал етеді. Сонымен бірге К. ө. бүкіл адамзат өркениетінің асыл мұрағаты. Кейінгі дәуірлерде пайда болған көптеген өнер мұралары, ағымдары өздерінің тамырын осы К. ө-ден алады. Мыс., Ежелгі Мысыр (б.з.б. 7 – 3-мыңжылдық) К. ө-і кейінгі дәуірде (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 1 ғ.) Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим К. ө-інің пайда болуына, Ежелгі шумер өнері Оңт. Батыс, Орта Азия елдерінің К. ө-інің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Қазақ халқының К. ө-і өзінің тамырын көне шумер, сақ мәдениетінен алады (мыс., алтын, күміс, қоладан құйып жасалған домалақ мүсіндер, «аң бейнелі» стиль, т.б.).

      КОЛЛЕКЦИЯ – тарихтың және мәдениеттің түрлі ескерткіштерін мақсатты түрде жинау үдерісінің нәтижесі, музейдің бір типтегі заттар жиынтығы. Жинауға қарағанда жиналған ғылыми жүйелі материалдарды айқындалған мақсатпен және оған қол жеткізумен сипатталады. К. объектілерінің санына барлық әлемдік тарих аралығында адаммен және табиғатпен жасалынған материалдық мәдениет бойынша (нумизматика, филателия және т.б.) тақырыбы бойынша (мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс куәгерлері), мақсат қою бойынша (ғылыми, және т.б) кіреді.

      К. кейбір ғалымдардың ойынша адамның негізгі рефлекстерінің бірі және адам қоғамының дамуының маңызды сипаты болып саналады. Қоршаған әлемді жүйелеу үдерісі ерте Шығыс, ерте Греция және Рим мемлекеттерінде айқындала бастады. Ал Ресейде 10-11 ғ. – ларда белгілі болды. Бұл ең алдымен шіркеулерде және монастырларда кітап және қолжазбаларды, сакральды және мемориалды ескерткіштерді түрлілігімен, қару-жарақтарды жинады. Ортағасырларда жинақтау қызметінің арқасында ұлы княздық және хандық қазыналарды қалыптастыру басталды. 16-17 ғ. – ларда өсімдіктердің

Скачать книгу