Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 35
Ресейде археологиялық К. жинау 18 ғ. – да пайда болды. Бұйрық бойынша 1718 жылы жерде немесе суда табылған «тот басқан және барлық ерекше заттар», «көне бұйымдар» сыйақы үшін тапсырылды. 1719 ж. Сібірге Д.Г. Мессершмид жетекшілік еткен алғашқы ғылыми экспедиция көне заттарды тауып және жинауға, қорғандарды қазуға жіберілді. І Петр Сібірдің көне бұйымдарына деген қызығушылығының арқасында археологиялық ескерткіштерді қорғау жайлы қаулы шығарды. Осы жылдары Ресейде алғашқы археологиялық К. І Петр Сібір жиынтығы қалыптасты.
1725 жылдан басталған Ғылым Академиясымен (Г.Ф.Миллер және И.Г. Гмелина, И.Г. Георгий және т.б) жүргізілген ғылыми экспедициялар археологияның мәлімет көздерін және материалдық базасын кеңейтті, экспедиция барысында құжаттық фиксация және ескерткіштерді тіркеу, сипаттау жүргізілді. Көне артефактілерге қызығушылық нәтижесінде Кунсткамера, Эрмитаж, т.б. ірі музейлер К. – лары қалыптасты.
Ресейде 19 ғ. – дың екінші жартысынан бастап қазба жұмыстарымен және археологиялық материалдарды жинақтаумен айналысқан И.Д. Черкаский, В.В. Докучаев, К.С. Мережковский, А.А. Иностранцев және т.б зерттеушілердің тақырыптық бағыттары кеңейе түсті (славяндық, шығыстық, алғашқы ескерткіштер). Археологиялық К. – лардың қалыптасуы 19 ғ. – дың екінші жартысында ғылыми зерттеу қоғамдарының құрылуымен жүзеге асты, соның ішінде алғашқысы, Ғылым академиясы, Петербургтағы археологиялық комиссия және Одессия қоғамы бар. Әр түрлі археологиялық табылымдар Орыс археологиялық қоғамына әкелініп, нәтижесінде музейлік археологиялық К. – лар қалыптасты (1840 ж.). Археологиялық ескерткіштерді жинау археологиялық съездердің өткізілу кезінде жүргізілген көрмелердің арқасында да дамыды. Ғылыми қоғамның және архивтік комиссия ғалымдардың қатысуы бойынша археологиялық ескерткіштер, К. – лық музейлер қатары пайда болды. Археологиялық К. – лар тарихи музейлердің маңызды бөліміне айналды.
19 ғ. – дың екінші жартысында археология ескерткіштері көптеген жеке К. – лардың маңызды құрамдық бөлімі болып табылды (И.К. Айвазовский, Д.Г. Бурылин, И.А. Шляков, В.Д. Поленова, Д.Я. Самоквасов және т.б.). Жеке археологиялық К. – лар қатары Тюменде, Тулада, Красноярскіде, Екатеринославта музейлердің құрылуына негіз болды.
Қазіргі кезде археологиялық К. – лар негізінен арнайы ғылыми зерттеулер нәтижесінде қалыптасады, камералық өңдеуден соң музейге келіп түседі, ғылыми атрибуциясы музейге дейін, не болмаса музейге келгеннен кейін де жасалады. Ең ірі және бағалы археологиялық К. – ларды Түркияда Стамбул Археологиялық музейінен, Қытайда Гугунь Патша сарайынан, Ресейде Эрмитаж, Мәскеудегі тарихи музейлер, Қазақстанда ҚРОММ, ҚР Ұлттық музейінен, өңірлік тарихи-өлкетану музейлер қорынан көруге болады. Жергілікті тарихи-өлкетану