Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница 36

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

(тұрмыстық, шаруашылық, өндірістік, діни) ғана емес, материалдық емес мәдениет мұраларын (дәстүрлер, сенімдер, фольклор) да көрсетеді. Этнографикалық К. – лардың артефактілері өзіндік сипаттармен қатар, олардың дайындалған ортасының мәдени сипаттамасына ие (мәдениетте, түрде, тұрмыстық жағдайындағы және т.б. функционалдық қолданыстарда). Ресейде этнографикалық К. – лардың қалыптасуы 18 ғ. – да басталды. Алғашқы этнографикалық К. – лар Петербург Кунсткамерасының құрамында пайда болды. 19 ғ. – да этнографикалық К. – лар музейлерде және жеке К. – лық жинау түрінде болды. 1848 жылы Петербургте Орыс Географиялық ұйымының Этнографикалық музейінің негізі қаланды, 1867 жылы Румянцев музейінің бөлімшесі ретінде Дашковский этнографиялық музейінің негізі қаланды. Көптеген этнографикалық К. – лар бұл аралықта Иркутскіде, Тифлисте, Минусинскіде, Тюменде, Владивостокта, Читада, Рязаньда, Архангельскіде және т.б. университет, ғылыми ұйымдарда және статистикалық комитеттердің музейлерінде қалыптасты. 1924-1948 жылдары Мәскеуде көпшілік музейі жұмыс істеді, онда Ресейдің көп халықтылығын сипаттайтын этнографиялық К. – ларының қайталанбас түрлерін көрсетті. 20 ғ. – дың екінші жартысында этнографиялық К. – лар жоғары мамандырылды, олар географиялық, этникалық, заттық принциппен ерекшеленді. Қазіргі кезде ең ірі этнографиялық К. – лар Петербургте Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінде, Ресей этнографиялық музейінде, Сібір және Қиыр Шығыс және т.б. халықтардың тарихи және мәдени музейлерінде бар. Этнографиялық К. – лар тарихи, этнографиялық, сәндік-қолданбалы және халықтық өнер музейлеріндің құрамында қалыптасты.

      Кітаптар коллекциясы - тарихи, библиографиялық, көркемдік маңызы бар қолжазбалар, көне баспалық және жаңа заман баспаларының кітаптар тратиттерінің жинақталуы болып табылады. Ерте заманда да К. – лар нысанының бірі – кітап болып табылатын. Александрия кітапханасы 3 ғ. б.з.д. Ассириядағы Ашшурбанипал сарайындағы клиножазбалар К. – сы – көне Египет және Алдыңғы Азия елдерінің сарайларындағы кітап қоймаларының болғаны белгілі. Ұзақ уақыт бойы кітаптар ақпарат көзі ретінде қарастырылды. Соңынан мәдениеттің құбылысы ретінде кітаптар: кітап баспасы және көркем өнер ретінде сақталуда. Орта ғасырларда көптеген кітап қоймалары Ресейде Ұлы Новград, Киевск София, Кирило Белозерском соборларында қалыптастырылды. 15 ғ. – да Еуропада және 17 ғ. – да Ресейде жеке кітап К. – лары қалыптаса бастады.

      18 ғ. – да кітап К. – сын қалыптастыру мемлекеттік жұмысқа айналды, нәтижесінде Петербургтағы «Императорлық ғылым академиясының кітапханасы», «Мәскеу университетінің кітапханасы» сияқты үлкен кітап қоймалары пайда болды.

      19 ғ. – да кітап К. – ларының бір бөлігі ірі мемлекеттік кітапханаларға түрленді, басқа бөлігі музейлық жинақтардың маңызды бөлігі болып табылды (Румянцев кітапханасы, Синодальная кітапханасы, Эрмитаж кітапханасы). Қазіргі кезде кітап К. – лары қайталанбас және раритетті баспалармен

Скачать книгу