Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова страница 10

Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова

Скачать книгу

2-категория % қайтарылу мерзімі 30-60 күнге кешіктірілген, мерзімі бір реттен ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді, мұндағы провизия сомасы 20 % мөлшерінде;

      B) күмәнді 3-категория % қайтарылу мерзімі 60-90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін тәуекелі жоғары несиені айтамыз, провизия сомасы 20 % көлемінде;

      Г) күмәнді 4-категория % қайтарылу мерзімі 90-120 күнге кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несие, провизия сомасы 25 % сомасында;

      Д) күмәнді 5-категория % қайтарылу мерзімі 120-150 күнге кешіктірілген, қайтарылу мерзімі бірнеше рет ұзартылған, тәуекелі банкке жоғары болып келетін, провизия 50 % көлемінде құрылған несиелер.

      3. Үмітсіз несиелер – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін өте қауіпті, яғни пайдасы есебінен жабылатын, 100 % мөлшерде провизия құрылатын несиені айтамыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің несие бойынша провизияларды құру мен заңды және жеке тұлғаларға ұсынылған несиелердің жіктелінуі 1-кестеде көрсетілген.

      Банк салымшылар мен акционерлер алдындағы міндеттерін орындай отырып банктің несиелеу функциясы келесідей үш міндетке бағытталуы керек:

      – ссудаларды оның қайтарымдылығына сенімді болған жағдайда ғана беру керек;

      – акционерлер мен салымшылардың қызығушылығын оятатындай ақша қаражаттарын тиімді инвестициялау;

      – несиеге деген экономикалық сұранысты қанағаттандыру.

      2. Несиелік процесті талдау.

      Несиелік процесті талдаудың басты мақсаты – несиелеу процесі мен оның шарттарына дәйекті түрде бағалау жасау. Басқа сөзбен айтқанда, несиелік процестің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын, жүргізіліп жатқан процеске басшылықтың қаншалықты дәрежеде қатыстылығын, банк персоналдарының процеске қатысуын, несиелік процеске қатысушылардың ақпаратты уақытылы және толық көлемде алуын анықтау.

      3. Несиелік портфельдің сапалығы.

      Несиелік портфель банктің нарықтағы позициясын, бизнес стратегиясын, тәуекел бойынша стратегиясын, банктің мүмкіндіктерін білдіреді. Несие портфелінің сапалығы банк қызметіне толық суреттеме береді десек болады.

      4. Несиелік тәуекелді басқару саясаты.

      Несиелік тәуекелді дұрыс басқармау көбінесе банктердің банкроттыққа ұшырауына алып келеді. Несиелік тәуекелді басқару саясаты несиелік тәуекелдің туындайтын факторларын анықтау, оны жою немесе төмендету, несиелік портфельді басқару механизмдерінің, несиелер бойынша лимиттер құрып, провизиялық қорларды құрудың әртүрлі шараларының жиынтығы ретінде қарастырылады.

      5. Активтердің сыныптамасы.

      Активтерді сыныптау тәуекелдерді басқарудың басты құралы болып есептеледі. Активтерді сыныптау келісімге сәйкес несиелердің қайту-қайтпау мүмкіндігін бағалау үшін қажет. Банктік қағидаға сүйенсек барлық тәуекел туындауы мүмкін активтер сыныпталуы тиіс. Банктер активтерді сыныптауды өз ережелері

Скачать книгу