Банктік тəуекелдер жəне оны басқару. Нұргүл Керімбекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова страница 3

Банктік тəуекелдер жəне оны басқару - Нұргүл Керімбекова

Скачать книгу

– кассалық операциялардың жүргізілуі барысында кассирлер тарапынан байқаусызда немесе кассирлердің жұмысқа салғырт қарауынан туындайтын тәуекелдің түрі. Банк тәжірибесінде кассалық кателіктер көбіне аударымдар жасағанда, коммуналдық төлемдер қабылдағанда, алаяқтардың басқа тұлғалардың атынан ақша алуы және т.б. жағдайларда туындайды.

      Есеп айырысу тәуекелі – банктің есеп айырысу процесін ұйымдастыру барысында есеп айырысу техникасына байланысты туындайтын тәуекел. Төлемсіздік немесе төлем мерзімін бұзу тәуекелі, есеп айырысу формаларының төлем және құжат айналымдары тәсілдері, есеп айырысу мазмұны мен мәмілелерінің сипаттамасына сәйкес келмеу тәуекелі. Есеп айырысуға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеуі немесе олардың бұзылуы.

      Факторингтік тәуекел – факторингтік келісімшарт негізінде клиентке қаржылық қызмет көрсету барысында, яғни тауарлыкомиссиондық операцияларды жүргізу барысында туындайды. Факторингтік операцияда үш тұлға қатысады. Олар: факторингтік компания немесе банк, жабдықтаушы, сатып алушы.

      Инвестициялық тәуекел – белгісіз жағдайда инвестицияның көзделмеген шығынға ұшырауы. Яғни белгілі бір жобаларға, бағалы қағаздарға салынған қаржының шығынға ұшырауы мен мүлдем қайтарылмау тәуекелі. Инвестициялық тәуекелдерді келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:

      1. Жүзеге асыру сферасы бойынша:

      – техника-технологиялық тәуекел;

      – экономикалық тәуекел;

      – саяси тәуекел;

      – әлеуметтік тәуекелдер;

      – экологиялық тәуекел;

      – заңды-құқықтық тәуекелдер.

      2. Жүзеге асыру түрлері бойынша тәуекелдер:

      – нақты инвестициялық тәуекелдер;

      – қаржылық инвестициялық тәуекелі.

      3. Инвестициялық тәуекелдердің пайда болу көздері бойынша:

      – жүйелі тәуекел: пайыздық, валюталық, инфляциялық, саяси тәуекелдер;

      – жүйесіз тәуекелдер.

      Банкаралық несиелерді тарту тәуекелі – банктердің арасында бір-біріне берілетін несие, яғни банк өз өтімділігін қамтамасыз ету үшін алатын қысқа мерзімді несие негізінде туындайды. Банкаралық несие тартылған ресурстардың ішіндегі ең қымбаты – олар көбінесе бір күнге немесе бір түнге берілетін несиелер, яғни овернайт несиелері.

      Диверсификациялық тәуекел – ақша қаражатын әртараптандыру кезінде әртүрлі салаға орналастыру негізінде туындайтын тәуекел. Ақша қаражаттарын әр салаға бөліп салу тәуекел деңгейін азайтады, алайда жалпылама экономикалық құлдыраулар салалардың құлдырауына алып келуі мүмкін, осы жағдайда диверсификациялық тәуекелді жоғарылатады.

      Өтімділік тәуекелі – банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерін уақытында орындай алмауы, қолма-қол ақша қаражаттары мен активтерінің жеткіліксіздігінен, басқа көздерден тез арада тарта алмауы негізінде туындайды. Банк өтімділігінің төмендеуі тікелей банктің нарықтағы деңгейінің төмендеуіне,

Скачать книгу