Өнімділікті басқару. Сейсембай Жұмамбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев страница

Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев

Скачать книгу

мның біліктілігі мен мүддесі, технология, басқару, әлеуметтік және іскерлік қоршаған орта бір-бірімен қосылып бірлесіп берілген жағдайда ресурстардың ең жоғарғы өнімділігіне жететін шың. Бұл нүктеге жетуде макроэкономикалық факторлар маңызды рөль атқарады, өйткені олар өнімділікті өсіруге себебін тигізуі мүмкін не болмаса мемлекет оның өсуіне кедергі туғызуы мүмкін. Бұл факторлар қатарына үкімет саясаты, экономикалық және әлеуметтік стратегия, іскерлік циклы мен халықаралық бәсекелестік, қоршаған табиғи орта, демографиялық және құрылымдық өзгерістер жатады.

      Осыған орай, басқаруға жүйелік және жағдайлық көзқарастарға сүйенетін басқарудың жаңа моделі, жаңа «басқару философиясы» құрылады. Бл модельдің мәні мынада: ұйым «ашық жүйе» ретінде қарастырылады, оның басқару тиімділігі сыртқы қоршауға бейімделу дәрежесімен білінеді.

      Өнімділік өсуі кәсіпорында немесе компанияда орын алады, осы жерде барлық қол жеткен ресурстар өнімді өндіруге немесе қызмет көрсету үшін бірге қосылады, сондықтан фирма қызметін микроэкономикалық талдау қажет. Мұндай талдау жүргізгенде өнімділікке байланысты кейбір адасудан айырылу керек. Біріншіден, өнімділік – ол тек қана еңбек тиімділігі немесе еңбек өнімділігі емес, ол өндірістің барлық ресурстарын интегральды пайдалануын көрсететін кешенді көрсеткіш. Екіншіден, өнімділік туралы тек өнім шығуымен белгілеуге болмайды, өйткені бұл көрсеткішті тиімділіктің өсуінсіз оңай көтеруге болады. Бұл жерде түпкі аяқты нәтижелерге бағдарлану аса маңызды. Үшіншіден, өнімділік пен пайдалылық түсініктерін бір-бірімен шатастырмау керек, өйткені шынайылық өмірде өнімділік көрсеткіші төмендеседе үлкен пайдаға бағаны көтеру арқылы жетуге болады. Керісінше, жоғары өнімділік әрқашанда жоғары пайдаға әкеле бермейді, өйткені кәсіби еңбекпен өндірілген тауарлар сұранысқа міндетті түрде ие бола бермейді.

      Осы айтылған әңгімеден өнімділік мәнін анықтауда маңызды ерекшелігі туады: ол өте қысқа мерзім ішінде нарықта және қоғамда сұраныс табатын жоғары сапалы өнімді шығару.

      Сонымен, өнімділік күрделі әлеуметтік-экономикалық және өндірістік жүйенің маңызды сипаттамасы ретінде өлшеу мен талдаудың тиісті әдістерін, оларды компанияны басқару жүйесінің тиімді құралы ретінде пайдалануды талап етеді.

      Өкінішке орай, біздің ел өнімділікті басқару теориясы мен практикасы жағынан нарықты экономикасы дамыған елдерден осы уақытқа дейін едәуір артта қалып отыр. Бұл елдерде өнімділікті басқару мәселесіне көп көңіл бөледі. Ал біздің ғалымдар мен мамандар осы мәселенің маңыздылығын әлі де толық сезінбей жатыр. Осының күәсі ретінде мынаны келтіруге болады: аталған мәселе бойынша жеткілікті зерттеулердің болмауы, кәсіпорындарда өнімділікті басқару туралы мүлдем хабарсыз деуге болады, тек дәстүрлі қаржы көрсеткештерін талдаумен шектеледі. Академиялық мекемелер мен университеттерде, іскерлер қатарынан бұл мәселеге қызығушылық танытпауы таңғаларлық.

      Бұл оқу құралын жазғанда басты үш мақсат көзделінді: біріншіден, заманауи жағдайында біздің ұйымдар мен кәсіпорындар үшін өнімділікті басқару қаншалықты көкейкесті мәселе болып келетінін көрсету. Өнімділікті басқарудың кеңес кезіндегі бұрынғы жүйесі жойылған. Екіншіден, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнын осы өзгерістерге сай келтіру керек болды. Үшіншіден, өнімділікті басқаруға арналып қазақ тілінде жазылған оқу құралдары жоқ. Автор осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатымен берілген оқұ құралын ұсынып отыр.

      Оқу құралында өнімділікті басқарудың қазіргі күйіне шолу берілген, оны өлшеу мен талдау көрсеткіштері мен әдістері, өнімділікті басқарудың тәжірибесіне әртүрлі факторлардың әсері көрсетілген, дамыған елдердің өнімділікті басқару саласындағы озық тәжірибелері жинақталып, оларды бізде қолдану мүмкіншіліктері қарастырылған, оны игеру отандық ұйымдар басшыларына қазіргі қатаң нарық жағдайында өз істерін тиімді жүргізуге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Отандық тәжірибемен қатар ғылыми және оқулық әдебиетінде жеткілікті баяндалмаған, шет елде қолданылатын өнімділікті басқарудың нақты әдістері туралы материал келтірілген.

      Оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттері, магистранттары мен оқытушыларына арналған. Сонымен қатар экономика және менеджменттің заманауи мәселелеріне қызығушылық танытқан мамандарға пайда әкелуі мүмкін.

      Автор оқырмандардың айтатын сын пікірлеріне және берілген кітаптың мазмұнын жақсарту бағытында жасалатын ұсыныстары үшін алдын ала өз алғысын білдіреді.

С.К.Жұмамбаев

      КІРІСПЕ

      Курс мақсаты – студенттерде өнімділікке негізделген басқару туралы білімдер мен тәжірибелік тәсілдер кешенін қалыптастыру, осыған байланысты олардың кәсіби қызметінде қажет әдістермен қаруландыру. Студенттер бұл курсты оқып біткеннен кейін келесілер қолынан келетін болады:

      – өнімділікті басқару стратегиясы мен мақсаттарын қалыптастыру;

      – өнімділікті жоғарылатуға бағытталған ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді қабылдау;

      – өнімділіктің

Скачать книгу