Өнімділікті басқару. Сейсембай Жұмамбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев страница 3

Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев

Скачать книгу

жоғары көтеріледі. Осы қарапайым молельді былайша түсіндіруге болар еді: өнімділікті көтеру үшін әр маңызды ресурстардың шығынын төмендету жолдарын табу арқасында өнім шығуын сақтап қалу немесе өсіру керек. Бұл концепция, жоғары жалақы өнімді еңбекке жұмылдырады деген концепциясы сияқты, ұзақ тарихпен нығайтылады. Тарихи тұрғыдан өнімділік сипаты мен мазмұнының өзгерулері мамандандыру эволюциясымен тығыз байланысты.

      Келесі, екінші маңызды фактор – жылжымалы конвейерлік құрастыру линиялары – ұйымдастырушылық тиімділікке күшті әсер етті.

      Осы аталған факторлардың әсерінен америкалық өнеркәсіп саласында ұзақ мерзім бойы өнімділік өсуі тұрақты болды. 1945 жылдан кейін жиырма жыл бойы еңбек өнімділігі жылда 3 % өсіп тұрды, яғни Англия, Жапония, Германиямен салыстырғанда 0,6-0,8 % артық болды.

      Алайда 1973-1981 жылдары ішінде өнімділік өсуі АҚШ-та жыл сайын 0,4 %-ға төмендеп тұрды. 1979 жылы өнімділік төмендеуі 2 % болды. Еңбек өнімділігі өсу қарқыны бойынша АҚШ (1979 ж.) көптеген сауда серіктестерінен және бәсекелестерінен артта қалды; ал Жапонияда өнімділік өсуі орта дүниежүзілік деңгейден елеулі жоғары болды. Бұл жағдай зерттеушілердің назарынан тыс қалмады, оның себебін іздей бастады.

      Мұқият және терең зерттеулер Жапонияның өімділік саласындағы жетекші рөльде болу себебін – озат басқару, көптеген жетілдіру әдістері америкалық мамандардың, оның ішінде Ф.Тейлор, Г.Эмерсонның, классикалық еңбектерін өздеріне тән ерекшеліктерге бейімдегенінде деп тапты. Осыған байланысты келесі анықталды: жапондық өнеркәсіп саласы америкалықтар алдында бір өте маңызды артықшылыққа ие болған – жапондық басшылар өнімділікті басқару мәселелеріне едәуір кең көзқарас танытқан. Америкалық әріптестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен пайданың төмендеу мәселелерін шешуде тез жолдарын іздемеді. Олардың жақсы түсінгені, тек өндіріс көлемін көбейту өнімділікті көтеруді қамтамасыз ете алмайды, ол үшін сапа өте маңызды болып келеді.

      Сөйтіп, ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңінде жоғары тиімді жұмыстың үлгісі ретінде америкалық ірі автозауыттары емес (олардың жоғарғы өнімділігі конвейерді тиімді қолданумен қамтамасыз етілген), жапондық фирмалар болып келеді. Олардың тәжірибесі адам ресурстарын «жұмсақ» басқарудың үдеуші маңыздылығын көрсетті. Басқару стилі мен ұжымдағы адамдардың өзара әрекеттесу сипаты кадрлармен жұмыс істеудің маңызды компоненттері екені анықталды. Жапондық тәжірибе шағын ұйымдардың, ең алдымен, оперативті жұмыс топтарының, өнімділікті арттыруда және өндірісті ұтымды ұйымдастырудағы елеулі ролін көрсетті. Мұның барлығы өнеркәсіптің бет бұрыс заманынан экономикалық әдебиетте басым болған идеясымен – атқарушы және ұйымдастырушылық функцияларын бөлумен – онша үйлеспеді. Біліктіліктен айырылу және еңбек үдерісін бөлгіштей беру доктриналары «репрофессионализм» концепциясымен ауыстырылды, оған сай өндірістің тиімділігін көтеруде қызметкерлердің еңбек сапасына басты роль бөлінді.

      XIX

Скачать книгу