Өнімділікті басқару. Сейсембай Жұмамбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев страница 6

Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев

Скачать книгу

жоғарылатуда әлеуметтік факторлардың маңыздылығымен байланысты. Өндіріс тиімділігінің жоғарылауы тек инвестициялық үдерістерді дұрыс басқарумен және технология деңгейімен шектелмейді, сонымен қатар бизнесті білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, еңбекті ұйымдастыру және ынталандыру формаларын өзгертуге тәуелді болып келеді.

      1.2. Өнімділік түсінігі. Өнімділік факторларын жіктеу

      Ұйымдар нақты мақсаттарға жетуді көздейді, егерде олар өз мақсатарына жетсе, онда ұйымның қызметі жемісті болды деп есептелінеді.

      Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мақсаттық ұстанымдары едәуір өзгерілді. Командалық экономикада басты бағдар жоғарыдан түскен жоспар болатын, ал бүгінде кәсіпорын ең алдымен экономикада қалыптасқан нарықтық конъюнктураға бағдарланады. Ол сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен, баға деңгейімен, бәсекелестік сипаты және басқа экономикалық факторларымен белгіленеді. Нарықтағы жағдай ұдайы өзгеріп тұрады, сондықтан әрбір ұыймның басқару қадамы әрқашанда белгілі тәуелдікпен кездесіп тұрады.

      Кәсіпорын ашық жүйе болғандықтан оның өсіп, нарықта орнын сақтап қалуы тек ішкі факторлар емес, сонымен бірге болашақта кездесетін сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Бұл жағдай фирмадан өзін ішкі және сыртқы нарықтағы өз орнын бекіте түсу үшін ұдайы технологиялық, ұйымдастырушылық, экономикалық жаңартуды талап етіп отырады. Соның негізінде орнықты табыс өсіміне ұмтылады, демек, әрі қарай дамуға мүмкүндік алады. Осыған байланысты кәсіпорынның басты мақсаты – өз пайдасын максимал жасау – орындалады.

      Алайда пайданы жетістікті сипаттайтын жалғыз ғана критерий деп санау қаншалықты дұрыс? – деген сауал туады. Қазақстанның көптеген ұйымдары қазіргі жағдайда өздерінің қаржылық күйін, ең алдымен, баға факторы арқылы жақсартуға тырысады. Бұл болашақта насырға ұшыратуы мүмкін, өйткені шаруашылықты ұтымды жүргізуге бағдарланбаған. Менеджерлер арасында кең таралған қате – олардың (жұмсалған қаражатқа шаққандағы) жалпы пайданы максимизациялауды сатылған өнімнің бірлігіне (өнімнің өзіндік құнына шаққандағы) пайданы максимизациялаумен шатастыруы. Жалпы пайда мен жұмсалған қаражаттың рентабельдігінің максимумын міндетті түрде сатылған өнімнің бірлігінен түсетін пайда максимумымен қамтамасыз ету емес. Берілген сұраныс жағдайында сату бағасын көтеру өнімнің сатылу мүмкін көлемін төмендетуге алып келеді. Демек, ұзақ уақыт мерзіміне арналған басқару стратегиясында пайданы максимизациялау баға мен сату көлемін оптималды үйлестіру арқылы жетуді талап етеді.

      Пайданың таза түріне жету критериі бойынша фирманы басқару жүйесінің кемшіліктері компанияның қызметін ұзақмерзімді жетістіктерге бағыттауға мүмкіндік бермейді. Алдыңғы қатарға компанияның стратегиялық мақсаттарына қайшы келетін жақын келешектің міндеттері үсынылады. 1950-жылдардың басында жаңа «жетістік философия»

Скачать книгу